ТҮРКІСТАН: «Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік»

Аудан оқушылары арасында YI республикалық «Мен жастарға сенемін» атты айтыс пен «Ділмар» атты шешендік өнер байқауының аудандық кезеңін аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі жәнен әдебиеті пәнінің әдіскері Гүлназ Омарова ұйымдастырып өткізді. Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен — билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие — өнер мектебі болған.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар, — деп ғұлама ақын Абай айтқандай, шешендік сөздерге халық даналығы, инбаттылық пен ізгілік нышандары жатады . Сондықтан шешендік сөздерді оқып-үйрену – өнегелі істерге апарар жол деп қарасақ байқауда оқушылар » Аталар мен әжелер мектебі ұлттық тәрбие негізі бала ала ма ?», » Біз діни сауттымыз ба ?», «Алаш мұрасы қазақ мұраты бола алды ма ?», «Ауылда тұрып өркениет көшіне ілесуге мүмкіндік бар ма ?», «Біз күншілміз бе ?», «Ханға дат айту» дәстүрін білесіз бе ?» , «Байлығыңызды ел игілігіне жұмсайсыз ба ?» сынды тақырыптар аясында сынасты. Қатысушылар өз білімдерін ,ойларын, дәйекті сөздермен дәлелдей отырып қабілеттерін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Төребек Еркеназ , Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат облыстық кезеңге ұсынылды. Сонымен қатар Қ.Бектаеватындағы жалпы орта мектебінің оқушысы ЕралыАзамат, М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Айтқұл Ерұлан ерекше дайындықпен келіп, өз өнерлерімен дараланды. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше екенін оқушыларға арналған оқулықтардағы аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жырлар, шешендік сөздердің түрлері біздің дүние танымымызды кеңейтуге, жан-жақты дамуына ықпал ететіні сөзсіз екенін өткізілген байқау барысында аңғаруға болатыны сезілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.