Түркістан облысы: «Үздік психолог-2024 жыл новаторы» республикалық байқауының өңірлік іріктеу кезеңі өтті

Түркістан қаласындағы Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп базасында “El Umiti” корпоративтік қоры “Үздік психолог — 2024 жыл новаторы” республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауының облыстық І (іріктеу) кезеңін Түркістан облысының Білім басқармасының Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының психологы Кенжетаева Маулида Дүйсенқызының ұйымдастыруымен өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты — педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, баланың әлеуметтік, эмоционалдық және академиялық дамуын ынталандыру.

Конкурс ережесіне сәйкес 38 қатысушы, 3 бағыты бойынша жұмыс өтілі бар орта білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының “Qabilet“ өңірлік қызметтерінің педагог-психологтары қатысты:

— 3 жылға дейін;

— 3-7 жылға дейін;

— 7 жылдан және одан жоғары.

— 1 бағыт бойынша I орын иегері — Төлеби ауданы, «Жаңа жол» жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Ұлмекен Қалмұратова;

— 2 бағыт бойынша I орын иегері — Түркістан қаласы, Т.Бигельдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Зибнса Атанова;

— 3 бағыт бойынша I орын иегері — Арыс қаласы, Монтайтас жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Ақтоты Оразбаева.

Жеңімпаз атанған 3 қатысушы республикалық байқауда бақ сынайды. Республикада өтетін байқауда І-ші орын алған жеңімпаз “El Umiti” қоры есебінен білім беру семинары курсына халықаралық сапарға шығу түріндегі бас жүлдені жеңіп алады.

Орайы келгенде айта өтейік, осы күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың да қорытынды кезеңі өтіп жатыр. Түркістан қаласындағы №23 Жұмабек Тәшенов атындағы IT лицей базасында 5-6-шы сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өтуде. Түркістан облысы бойынша қорытынды кезеңге жалпы 16 оқушы қатысып жатыр.

Олимпиада мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау, олардың ғылымға қызығушылығын ояту және зияткерлік бейімділіктерін дамыту, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы қатысушыларды анықтау. Қатысушылар сегіз пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, жаратылыстану, қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін олимпиада онлайн режимде көрсетіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin