Түркістан: «Дінсіз қоғам болмайды» тақырыбында жиын өтті

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мамандары №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп лицейінің оқушыларымен кездесті. Жиынға  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сінің теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қатысты. Мамандар оқушыларға  дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өткізілді. Тәуелсіздіктің басты құндылығы тұрақтылық. Оны ешбір игілікпен салыстыруға да, алмастыруға да болмайды. Оның баянды болуы үшін қадірін бағалай білуіміз керек,-деді Дүйсен Асхат. Әлем жаратылысының негізі – махаббаттан, рақымшылық пен ынтымақтан тұрады. Жаратушы Құдай шексіз рақымымен бұл ғаламды жаратқанда, барлық жаратылыстың ішіне сүйіспеншілік пен мейірім-шапағаттың тұқымын сепкен. Сондықтан он сегіз мың ғаламның да, жер бетіндегі жанды-жансыздың да арасында ғаламат бір үндестік, татулық, өзара қарым-қатынас бар және ол сақталған. Табиғат заңдылықтары осы татулықтың негізінде тепе-теңдігін сақтап тұр. Алайда соңғы ғасырларда сол тепе-теңдікке, бірлік пен ынтымаққа адамзат кері әсерін тигізіп, әлемдегі тыныштықты өз қолдарымен бұзуда. Жер бетінде соңғы кезеңдерде орын алған қанды оқиғаларды айтуға ауыз бармайды. Бірлігі кетіп, берекесі қашқан елдердің миллиондаған тұрғындары босқын болып, бас сауғалауда. Қазақ мұндайды «бір күнгі ұрыстың қырық күнгі кесірі бар»  деп,  дөп басып айтқан. Тәуелсіз мемлекетіміз үшін де  бейбітшілік пен саяси тұрақтылықтың маңызы зор. Еліміздегі бірлік пен татулықтың нәтижесінде халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналдық. Сондықтан татулық пен келісім – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарынан. Әлемге әйгілі философ Анри Бергсон дін жайында: «Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәлсапаны білмейтін қоғамды кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз қоғам болмайды», – деген екен. Демек адамзат тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Адамның пайда болуынан бері өмір сүріп келе жатқан діннің халық өмірінде өзіндік мәні зор. Қашанда дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын ерекше құбылыстар болып келеді. Дін – қоғамдық құбылыс, ал қоғам – мемлекеттің негізі дейді ғалымдарымыз. Қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту, діндер сұхбаттастығын қамтамасыз ету, діни мәмілегерлікті (толеранттылық) дамыту – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі. Осы басымдықтардың жүзеге асуының нәтижесінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін діндердің өзара әрекеттесуінің тұрақты үлгісі қалыптасты. Сонымен қатар Қазақстанда дінге сенушілердің құқығы, дінді ұстану немесе ұстанбау еркіндігі, рухани бірлікті нығайтуға қажетті жағдайлар қамтамасыз етілуде. Еліміздегі діни тұрақтылық нығайып, қарапайым халықтың діни наным сеніміне шектеу қойылмай, әрбір дін өкілдері зайырлы елдің заңнамасына сай өз қызметтерін жасауда. Қазақстан Республикасы діни бірлестіктер қызметінің қорғалуын да қамтамасыз етіп келеді. Тіпті, конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін де қолайлы жағдайлар жасалған. Тәуелсіздік жылдарында керемет жаңа мешіттер мен шіркеулер салынды,-деп қорытты ол өз баяндамасын. Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу болса, теологиялық білім алудың артықшылықтары туралы сөз етті. Қоғамның қай саласында болмасын, сұраныс ұсынысты тудырады. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары халықтың дінге деген сұранысын тиісті деңгейде қанағаттандыратын оқу орындарының болмауы салдарынан көптеген жастарымыз діни ілім аламын деп шетел асып кетті. Мұның соңы елімізде деструктивті діни ағымдардың пайда болуына әкеп соқты. Мамандар діни білімнің негізін өз елімізде қалаған тиімді екендігін дәлелдеген. Себебі мектепті енді тәмамдаған жас түлек өмірдің ақ пен қарасын ажырата алмай жатып, деструктивті ағымдардың жетегінде кетіп қалуы әбден мүмкін. Анығын айтқанда басқа елдің көзқарасы осындай қадамдарға баруға әсер етеді. Сондықтан діни білім міндетті түрде өз елінің мәдениетімен, дүниетанымымен, салт-дәстүрімен бірге берілуі керек. Кейін білімін әрі қарай жетілдіру, тәжірибе алмасу үшін ғана шетелге баруға болады,- деді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы «исламтану» мамандығы бойынша 3 жыл білім беретін медреселер ашты. Қазіргі таңда мамандары сұранысқа ие. Жыл сайын түлектердің де саны артуда.ҚМДБ-ға тікелей бағыныштағы 9 медресе бағдарламалары білім стандарттарына сай жасалған. Оларды бітірушілер мемлекеттік үлгідегі «исламтанушы» деген диплом алып шығады. Яғни мешіт, медреселерде қызмет жасауға мүмкіндігі болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.