Қазақстанда көші-қон процестері цифрландырылады

Ішкі және этникалық көші-қон саласында қабылданған шараларға қарамастан, солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздік әлі байқалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтып берді.

Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы әзірленгенін және қабылданғанын еске салды.

«Көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру – басым бағыттардың бірі. Мигранттардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру жоспарлануда. Бұл біздегі барлық шетелдік жұмыс күшін автоматтандыруды және цифрлық есепке алуды қамтамасыз етеді. Міндетті ЖСН-ді бір мезгілде енгізу шетелдік тұлғаның еңбек шарттарын және уақытша тұруға ықтиярхаттарын уақтылы тіркеуге мүмкіндік береді», – деді С. Жақыпова министрліктің алқа отырысында. 

Спикердің айтуынша, ішкі және этникалық көші-қон саласында қабылданған шараларға қарамастан, солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздік проблемасы әлі де сақталуда. Бейімделу проблемаларын шешу үшін келу қоныс аударушыларды сүйемелдеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының жаңа алгоритмі әзірленді. 

Отбасын, оның ішінде балаларды жергілікті қоғамдастыққа тиімді интеграциялау үшін алгоритм әлеуметтік, денсаулық сақтау және білім беру қызметтерін қоса алғанда 25 бейімделу және интеграциялық қызметтерін қамтиды. Қызметтерді қоныстандыру өңірлеріндегі мансап орталықтарының қызметкерлері көрсетеді. 

«Бес жыл бойы Отбасының цифрлық картасы және мобильді қосымша арқылы қоныс аударушылардың бейімделуі бақыланады. Жаңа алгоритм Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында сәтті қолданылуда, ол қандастар мен қоныс аударғандар арасында сұранысқа ие. Сондықтан алдағы уақытта пилотты басқа өңірлерге де масштабтауды жоспарлап отырмыз», – деді Светлана Жақыпова.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin