Түркістан облысында «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 2,5 пайыздық несиені алатын жастар іріктеліп жатыр

2023 жылы Түркістан облысында жаңа бизнес-идеялар ұсынған 1688 азаматқа грант беру жоспарланса, 594 жасқа 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі. Мемлекеттік қолдаулар халықтың табысын арттыру мақсатында жүзеге асырылу үстінде.

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен бағдарламалардың аймақта іске асырылу барысын талқылау жиыны өтті. Мәжіліске Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілі, жергілікті әкімдіктердің жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері шақырылды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, «Еңбек» бағыты бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант берудің бірінші легі 20 ақпан — 3 наурыз аралығында жүргізілген. Үміткерлердің өтінімдері Business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданып келеді.

Алғашқы лекте 385 азаматқа грант қарастыру көзделіп, 5199 адам өз жобаларын аталған платформаға жолдаған. Нәтижесінде 381 қатысушыға грант беріліп, игілігін көріп отыр. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізгендердің қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедектігі бар азаматтар мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған тұлғалар, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақыларды алушы санаттарындағы азаматтар бар.

Осы тұста Әсия Құралқызы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін аудан, қалаларда грант беру жөніндегі комиссия отырыстарының барысы жергілікті Халықты жұмыспен қамту орталықтарының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілімі жүргенін айтты. Грант берудің екінші легі 15 мамырда басталып, 26 мамырға дейін өтінімдер қабылданды. 2023 жылдың 22 мамырындағы мәліметке сүйенсек, өңір көлемінде 3862 жоба тіркелген.

Мәжіліс барысында облыс әкімінің орынбасары жастарға арналған жеңілдетілген несие беру шараларын баяулатпай, сапалы әрі жедел орындау керектігін қатаң ескертті.

– Бұл мәселе — облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламаларды жүргізуге селқос қарамай, басты назарда ұстаңыздар. Халық игілігін көруі тиіс. Жастар арасында бағдарлама жөнінде толық ақпарат жетпейтіні байқалады. Өйткені, басым бөлігі мал шаруашылығы бойынша жобаларын ұсынуда. Дегенмен бізге басқа да кәсіп түрлерін өндіріп, қызмет көрсету саласын дамыту қажет. Жан-жақты ізденулері үшін жастарға бағыт-бағдар мен кеңес беріп көмектесіңіздер. Сенім білдірілген агент ретінде айқындалған «Аграрлық несие корпорациясы» өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруын жеке қадағалауыма аламын. Сондай-ақ грант алған азаматтар жобаларды мақсатына сай пайдалануына талдау жасау керек. Былтыр мұндай жағдайлар орын алып, тосқауыл қоя білдік. 2022 жылы кәсіпкер ретінде тіркелмеген 93 азаматтың қаржысы заң аясында кері қайтарылды. Осы жұмыстар жалғасын табады, – деді Ермек Кенжеханұлы.

Айта кетейік, Түркістан облысының жастарына 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие үлестіру үшін мемлекеттен 2,9 миллиард теңге бөлінген. Агенттіктің хабарлауынша, бүгінге дейін жалпы 256 жас кеңес алуға келіп, оның 130-ы бизнес-жобасын ұсынған. Комиссия қарауына 105 жастың құжаты өткізіліп, 25-26 мамыр күндеріне жоспарланған комиссия отырысында өз жобаларын қорғайды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тетігін іске қосуды тапсырған болатын. Бағдарлама өте қысқа мерзімде әзір болып, қабылданды. Биыл бұл бағдарлама аясында 5,8 мың жас 5 млн теңге сомасында шағын несие ала алады. Сөйтіп наурыз айында жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Оның негізгі шарттары мынадай: шағын несие мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін). Ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін, ал сыйақы мөлшерлемесі жылына 2,5 пайыздан аспайды. Жұмыссыз жүрген жастар үшін бұл мемлекет тарапынан жасалатын үлкен қолдау. Қазір аймақтарда жастар осындай жеңілдетілген шағын несиеге қол жеткізу үшін өздерінің бизнес-идеясын ұсынуда.

Түнеугүні Түркістан облысының Мақтаарал ауданында да жастарға берілетін 2,5 пайыздық несиені алу тәртібі түсіндірілді. Қазіргі таңда ауданда 40-қа жуық жас 5 миллион теңгеге дейінгі микрокрдедитті алуға ниет білдіріп отыр. 2,5 пайыздық несиені алуға ниеттілерлердің бірі, Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны – Өмірбек Бекішов. Ол өткен жылы 1 миллион 125 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған. Тірліктің көзін таба білетін жас оған шағын жылыжай ашып, қияр еккен. Қазір дайын өнімді сатып, пайдасын көріп жатқанын айтады.

— Күніне 300-400 келі қияр алып жатырмыз. Оны 600 теңгеден сатып жатырмыз. 4 сотық жылыжайымыз бар. 2,5 пайызға құжат жинап жатырмыз. Осы 5 миллион теңгені алып, бизнесімізді ұлғайтсақ дейміз, — дейді Өмірбек.

Мамандар ауыл-ауылды аралап, жастарға бағытталған 2,5 пайыздық несиені қалай алуға болатынын түсіндіріп жүр. Алайда олар бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келетіндердің көбі бұған дейін 1 миллион 125 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант алып, пайдасын көргендер екенін айтады.

Жастарға арналған несиені алу үшін бірінші – кепілге үй болу керек. Одан кейін бизнес жобасы болу керек. Кредиттік тарихы – төлемей қалған қарызы 90 күннен аспауы керек. Гарант адам болуы тиіс. Қалғаны ХҚКО мен банктен бітеді. Мамандар бүгінге дейін ауданда 40-қа жуық жас өтінім бергенін айтады. Олардың дені мал бағу мен егу салуды көздеген. Сондықтан мамандар жастарға облыстың ерекшелігін ескере отырып, тың әрі инновациялық жобалардың да тиімділігін түсіндіруде. Оның ішінде кәсіпкерлікке, білім мен ғылымға бейім жас азаматтарды қолдауға ерекше назар аударылып отыр.

Сонымен, жастарға арналған 2,5%-дық кредитті кімдер, қашан және қалай алады?

Бағдарлама 21-35 жас аралығындағы жастарға арналған.

№1. Микрокредит шарттары қандай? 

Несие бағдарламасына тіркелгеніне әлі 5 жыл толмаған жеке кәсібі бар, 35 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі.

Несиенің ең жоғары сомасы – 5 млн теңге (кепіл қою міндетті).

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

Кредиттеу мерзімі мал шаруашылығына – 7 жыл, өзге кез-келген мақсат үшін – 5 жыл.

№2. Өтінімдер қашан қабылданады? 

Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы наурыз айынан басталды. Микрокредитке құжаттарды тапсыру, оны қарастыру, комиссия қарауына шығару мерзімдері арнайы бұйрықпен реттелген.

№3. Кредитті қандай мақсатта алуға болады?

2,5%-дық микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында беріледі.

Сала бойынша шектеу қойылмаған, яғни басым бағыттар бекітілмеген.

Конкурстық комиссияның шешімімен үздік деп танылған жас кәсіпкерлердің бизнес-жобалары микрокредит ала алады.

№4. Кұжаттарды қайда өткізеді және ол қалай қаралады?

Микрокредит алуға ниетті адам құжат қабылдау науқаны басталған соң «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жергілікті филиалдарының біріне жүгінуі керек. Үміткер оған қажет құжаттарды ұсынады.

Аграрлық несие корпорациясы құжаттарды өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тексереді. Құжаттар мен ондағы мәліметтер микрокредиттеу шарттарына сай келмесе, себебін көрсете отырып құжаттарды иесіне қайтарады.

Өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде құжаттар мен бизнес жобаға бағалау жүргізіледі.

Бизнес жобаны бағалаудан кейін 3 жұмыс күні ішінде нәтижесін конкурс комиссиясына ұсыну үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.

Бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы айына ең кемі бір рет өткізіледі.

Үздік бизнес жоба иелері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен және Аграрлық несие корпорациясымен микрокредит беру туралы шартқа және кепіл шартына қол қояды.

Кепіл шартын уәкілетті орган тіркегеннен кейін Аграрлық несие корпорациясы 5 жұмыс күні ішінде үміткердің шотына микрокредит сомасын аударады.

№5. Қандай құжаттар талап етіледі? 

Микрокредит алуға үміткер келесі құжаттарды Аграрлық несие корпорациясына ұсынады:

Микрокредит алуға сауалнама-өтініш;

Жеке басты куәландыратын құжат;

Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі;

Субъектінің мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, БАҚ-қа берілген микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалу-орындалмауы туралы барлық мәліметті беруге және алуға келісімі;

Бизнес-жоспар;

Қарыз алушының микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі;

Агенттің ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі кепіл берушілердің келісімі;

Қызмет көрсететін банктен шоттың бар екені туралы анықтама;

Несиелік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болса); 

Қарыз алушының жалақысын, өзге де кірістерін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорының үзінді көшірмесі);

Бағалау туралы есеп;

Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

1, 3 және 4-нөмірдегі құжаттар кредитордың қатысуымен толтырылады.

№6. Бизнес жобалар қалай бағаланады? 

Бизнес жобаларды іріктеу критерийлері:

өзектілік;

аргументтілік;

экономикалық негіздемелік;

қоғамдық маңыздылық;

бұрын атқарылған жұмыстардың, іс-қимыл жоспарының болуы;

бизнес-жобаның өміршеңдігі.

№7. Несиеге каникул беріле ме? 

Бекітілген қағидаларға сәйкес, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Кредит 5 жылға, яғни 60 айға берілсе, жеңілдікті кезең 20 айды құрайды.

Каникул алу үшін микрокредит алған адам агент атына өтініш жазуы керек. 2,5% мөлшерлеме жеңілдікті кезеңге есептеледі, бірақ оны өтеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін.

№8. Кепілдік қою міндетті ме және оның сомасы қандай? 

Кепілдік қою – басты талаптардың бірі. Үміткерлерде кепіл болмаса, үшінші тарап кепілгер бола алады. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техника қабылданады. 

Үміткер үйленген не тұрмыста болса, жұбайының нотариалды рұқсаты керек. 

Қамтамасыз ету нысанының өтімділік коэффициенттері тапсырма шартында бекітіледі. Мысалы, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда және тапсырма шартының №2 кестесінде көрсетілген елді мекендерде орналасқан жылжымайтын мүліктің бағалау сомасынан 80%-нан артық емес сомасы несиеге беріледі.

№9. Кредиттің қайда жұмсалғаны тексеріле ме? 

Микрокредит алушы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен және Аграрлық несие корпорациясымен микрокредит беру туралы шартқа, кепіл шартына қол қояды. Бұл келісімшарттарда тараптардың жауапкершілігі, құқықтары мен міндеттері айқындалады.

Микрокредит беру шартында қарыз берушіге және Аграрлық несие корпорациясына кез-келген уақытта қарыздың мақсатты және уақытылы пайдаланылуын, кепіл мүлкіне тексеру жүргізуіне кедергі жасамауға, алынған қарызды, кепіл мүлкін пайдалануға қатысты барлық қажетті құжатты ұсынуға қатысты тармақ бар.

№10. Несиені қайтарылмаса не ақша мақсатсыз жұмсаса, қандай шара қолданылады?

Жасалған келісімшарттарға сәйкес, микрокредит алушы өзіне жүктелген міндеттерін орындамаса ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, яғни кепілге қойылған мүлікпен жауап береді.

Жергілікті органдар мен «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ филиалдары 2023 жылғы ақпан айының соңына дейін микрокредиттер беру тәртібі, микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі шарттары, тәсілдерін тапсырма шартында белгілейді.

Тапсырма шартының үлгісінде қарыз алушы қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, агент ұсынған сенімхат негізінде сот тәртібімен қарыз алушыдан және/немесе кепілгерден берешекті өндіріп алуға агент міндеттенеді.

№11. Бюджеттен қанша қаржы бөлінеді және қанша адамға несие беріледі? 

2023-2025 жылдары 90,5 млрд теңге сомасына 18,2 мың микрокредит беру жоспарланған. Оның ішінде:

2023 жылы – 28,9 млрд теңге сомасына 5,8 мың микрокредит;

2024 жылы – 30,3 млрд теңге сомасына 6,1 мың микрокредит;

2025 жылы – 31,3 млрд теңге сомасына 6,3 мың микрокредит.

№12. Ауыл жастарына басымдық беріле ме? 

Жоқ. Бағдарламада ауыл жастарына басымдық беру көзделмеген. Микрокредит комиссия іріктеуінен өткен үздік бизнес жобаларға ғана беріледі.

Ауылды дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің тарапынан берілетін басқа несие бағдарламалары да жұмыс жасайды.

№13. Бағдарлама қай уақытқа дейін жалғасады? 

Қазақстан президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2029 жылға дейін жастарға микрокредит беріледі деп көрсетілген.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. Яко что ль таиться более интригующим, чем бесконечные возможности сексуального развлечения ясно у вам дома? Вам больше мало-: неграмотный достанется выискивать партнера или стесняться выразить собственные желания. ИЗ нашим обслуживанием Секс по телефону с женщиной бесплатно ваша милость получите полный экспрессконтроль над своим сексапильным эмпирически, встречаясь удовольствие в течение комфорте и анонимности близкого пространства.
    Мобильная эротика равным образом подвижные развлечения: иметься в наличии сексапильного благополучия.
    По критерию этого как наше чувствование сексуальности не прекращает развиваться, меняется а также отечественный подход ко сексуальному здоровью – (а) также фантомный секс призван сыграть центральную роль в течение этой продолжающейся трансформации. Предоставляя Телефон женщин для секса чтобы анализов, тестов равным образом новых открытий в течение себя и расширения прав также вероятностей, сии платформы подсобляют нетрадиционно предопределить, что вероятно ставить приоритеты в взгляде нашего сексуального здоровья равно благополучия.
    Одну с возможностей, мало подмогой какого мобильная эротизм — Солнечная длинноногая модель-блондинка из России, оказывать содействие сексуальному здоровью, предстает предоставление доступа для аккуратною равно всеобъемлющей информации о сексе (а) также близости. От просветительных заметок а также учебных пособий до дискуссий о гармонии а также общении — сии платформы секса по телефону один-два МТС а также Билайн +7-809-505-6850, подсобляют юзерам уверенно также учтиво жребий брошен сложные проблемы сексуальности.
    Сверх этого, подвижная эротика whatsapp, оказать содействие развитию культуры хлопоты о себе а также самопознания, побуждая людей проверять свои вожделения безобидным а также согласованным образом. Предоставляя людям пространство для реализации своих фокусов а также общения раз-другой этими, кто разграничивает их интересы, настоящие платформы споспешествуют более здоровому отношению к сексу также интимности.
    Но, чуть ли не, самое ядро, мобильная эротизм подсобляет разрушить барьеры прохода ко ресурсам сексапильного здоровья. Употребляя средства технологий, настоящие братии Секс по телефону недорого смогут оцепить людей, которые могут завались владеть впуска буква классическим формам взаимодействия с коалицией или поддержки в течение ветви сексапильного здоровья, подсобляя справиться щель и гарантировать, яко у любого является инструменты, неотложные чтобы этого, чтоб регвести полную равным образом заносящую удовлетворение сексапильную жизнь.
    В ТЕЧЕНИЕ мире, кае сексуальное благополучие часто пренебрегается или подвергается стигматизации, вирт по телефону читать приглашает электрорадиомаяк надежды – напоминание о том, яко ферза а также благополучие идут шуйца относительный руку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.