Түркістан облысы: Жетісай ауданында «ROBOTUR» IV облыстық педагогтар арасындағы байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өтті

Облыстық білім беруді дамыту орталығының 18 наурыз 2024 жылғы №319 санды хатына сәйкес, Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының базасында «ROBOTUR» IV Облыстық педагогтар арасындағы байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Жарысқа жиырмаға жуық команда қатысып, ең үздік командалар облыстық кезеңге жолдама алды.

Атап айтсақ:

«Энергия» инновациялық жобаны ұсыну мен қорғау санаты бойынша Рахымжан Қошқарбаев атындағы №50 мектебінен Рахимбай Ходжаев және №11 “Жеңіс” мектеп-гимназиясынан Ерлан Жолдасбеков;

«Робот Мерген» санаты бойынша №11 “Жеңіс” мектеп-гимназиясынан Дәулет Бексейтов;

«Робогеометрия» санаты бойынша М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясынан Игорь Ким;

«Robot Battle» санаты бойынша М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясынан Бахтиер Андакулов;

«Лабиринт» санаты бойынша №11 “Жеңіс” мектеп-гимназиянан Аязбек Аширханов үздік деп танылып, облыста бақтарын сынамақ.

Орайы келгенде атап өтерлігі, Қазақстанда роботтардың басым бөлігі — өндірістік роботтар. Атап айтқанда, машина жасау саласында, кітап шығару, текстил өндіру, кондитер өнімдерін шығару, сусындар шығару саласында және т.с.с. салаларда өндірістік роботтар кеңінен қолданылады. 2025 жылға дейін роботты техника 10,4% орташа жылдық өсу қарқыны болжануда. Роботтар білім беру және тәрбиелеу, ойын-сауық, қауіпсіздік, тазалау және басқа да тұрмыстық мақсаттар үшін әзірленетін болады.

Қазіргі уақытта өнеркәсіптің және өндірістің барлық салаларында робототехникалық жүйелер қолданылады. Олар өндірісте, соның ішінде машина жасау саласында кең қолданыс тапқан.

Робототехника – ғылым мен техниканың роботтар мен робототехникалық жүйелерді жасауға байланысты саласының бірі болып табылады. Бұл ғылым, механика мен кибернетика ғылымдарының негізінде жаңа сала болып анықталады. Бұл ғылымның зерттелетін негізгі объектілерінің бірі болып адамның интеллектуалдық және қозғалыс функцияларын орындайтын әмбебап автомат – робот болып саналады. Механика мен электрониканың қосылған облысында жетістіктерге жеткен нәтижелері бойынша жаңа техниканың өкілдері – роботтар болып табылады.

Робототехника қазіргі кезде мектептегі барлық пәндерді біріктіретін (жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша – математика, физика, информатика, биология, химия пәндері – тікелей, қалған пәндер – жанама) бағыт болып табылады, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру және танымдық қабілеттілігін арттыру қызметін атқарады.

Робототехника негіздерін оқу бастауыш мектептерде қосымша білім беруге, сондай-ақ бейіналды даярлықты ұйымдастыруда элективті курс және жоғары мектептерде бейіндік оқытуға негізделеді. Мектептерде робототехника негіздерін оқыту білім алушылардың сыни ойлау қабілетін және практикалық тапсырмаларды орындау қабілеттілігін арттырады сондай-ақ бұл жастарды ғылым, технология, математика, шығармашылық қабілеттің дамуы арқылы, жағдайға анализ жасау арқылы жаңашылдыққа шабыттандыратын білім беру ортасы болып табылады. Білім беру саласындағы роботтар білім алушылардың жұмыс кезіндегі өзіндік ұстанымның қалыптасуы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы, техникалық және инженерлік қабілеттерін қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады.

Қазіргі уақытта білім алушылар мектептерде робототехникамен сабақтан тыс кезде және таңдау курстарында шұғылдана алады. Бұндай сабақтарда жарысатын бағыт басым болады. Дәлірек айтқанда, жарысатын компонент айқын түрде қатысады. Білімділік бағыты жанама түрде тек техникалық бағытпен айқындалады. Әр-түрлі болатын жарыстарда роботтарды ойлап табу және құрастыру, өз бетімен дизайнын өңдеу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады. Бұл жерде оқытушы кеңесші ретінде және роботты құрастыру, бағдарламалау және жобалау кезінде негізгі білім беруші ретінде болады.

Білім беру орындарында робототехникаға көп көңіл бөлінуіне қарамастан, мектептердегі робототехниканың кең таралуына қарамастан, біріңғай оқыту әдістері немесе орталықтандырылған әдістемелік көмек және білім беру үрдісінде ортақ іс – әрекет толық қарастырылмаған.

Робототехниканы үш бағытқа бөлуге болады:

  • білімділік;
  • жарысатын;
  • шығармашылық.

Білім берудегі роботтар мүмкіндік береді:

  • білім алушылардың инженерлік мәдениет саласында негізгі түсініктерін қалыптастыру;
  • білім алушылардың жаратылыстану және нақты ғылымдар саласына қызығушылығын арттыру;
  • қолданбалы тапсырмаларды орындауда стандартты емес ойлауын дамыту, сондай-ақ іздеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады;
  • білім берудегі үрдісіндегі робототехника бойынша тапсырмаларды орындау, математика, информатика, физика, химия, биология пәндеріне танымдық қызығушылығын арттыру және инженерлік мамандықтарды оқуда ынтасын арттыру;
  • роботтарды құрастыру және бағдарламалау кезінде жеткіншектердің және жасөспірімдердің шығармашылық мүмкіндігін арттыру.

Робототехника негізгі білім беру бағдарламасына кірмегендіктен, ол өзінің ішкі жиынтықтары бар қосымша білім беру болып табылады.

Бұл жерде «Информатика» инновациялық ғылымы бірінші кезекте тұрады және ол бір қалыпты қайта жаңғыртуды қажет етеді. Білім беру үрдісінде роботтарды қолдану кезінде білім алушылар білімділік, жасай алушылық қабілеттерін, дағдыларын және іс-әрекеттәсілдерін меңгере алады.

Білім берудегі роботтар бойынша сұрақтар, тапсырмалар информатика пәнімен байланысты болған соң, «Информатика» пәніне робототехника курсын біріктіру мүмкін болып табылады. «Алгоритмдеу және бағдарламалау», «Модельдеу және рәсімдеу», «Ақпараттық технологиялар» білім берудегі роботтар саласымен тығыз байланысты.

Білім алушылар жобаларды орындау кезінде немесе сабақтан тыс іс-әрекеттерді орындау кезінде барлық негізгі механизмдер, құрастыру идеялары және бағдарламалау әдістері осы жобаның барысында оқытылуы және қалыптастырылуы керек. Бұл жобалар практикалық, бақылау және жобалық шаралар негізінде қызмет етеді.

Робототехника мектептерде оқушыларға 21-ші ғасыр технологиясын көрсетеді, оқушылардың коммуникациялық белсенділігін көтереді, оқуға деген ынтасын арттырады, шығармашылық қабілеттері дамиды және ой-өрісін кеңейтеді. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептерде робототехниканы оқытудың маңызы зор деп ойлаймыз.

Жалпы, робототехниканың қарқынды дамуы 1960 жылдары басталды. Робототехника әлеуеті жоғарылаған сайын роботтардың білім берудегі рөлі жан жақты зерттелуде. Алайда, қолданыстағы зерттеулер негізінен робототехника саласымен тығыз байланысты ұғымдарды үйрету үшін робототехниканы қолдануға бағытталған. 1980 жылы Сеймур Пейперт робототехниканы білім беру ортасына енгізгеннен бері мектептерде проблемаларды шешуге, бағдарламалауға, дизайнға, физикаға, математикаға, тіпті музыка мен өнерге үйрету үшін әртүрлі деңгейлерде қолданылады. 2000 жылдардың аяғынан бастап білім беру саласында робототехниканы қолданудың өсуі байқалды. Робототехника сонымен қатар оқытушыларға нақты әлемдегі қосымшаларда ғылыми және математикалық ұғымдарды нақтылау үшін технологиялық және инженерлік тақырыптарды біріктіруге көмектесті. Робототехника мектептерде оқушылардың шығармашылығын ынталандыру, топтық жұмыс және проблемаларды шешу үшін де қолданылады. Робот бір уақытта орындалатын үш қасиетпен біріктірілген құрылғы: — sense: құрылғы сенсорларды қолдана отырып, әлемді немесе оның элементтерін сезінеді; — think: құрылғы сыртқы әлем туралы ақпаратты түсінеді, өңдейді, қоршаған әлем моделін және оның мінез-құлқын қалыптастырады және бейімдейді; — act: құрылғы қоршаған әлемді өзінің мінез-құлық үлгісіне сәйкес өзгерту арқылы әрекет етеді. Бүгінгі күні білім берудегі робототехника бағытында іргелі зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның контент талдауын нақтылауда түрлі тұжырымдар ұсынылуы әлі де жалғасуда. 2015–2018 жылдары Вена техникалық университеті Ғылыми зерттеулер мен технологияларды дамыту бойынша Еуропалық Одақтың сегізінші негіздемелік бағдарламасы — «Көкжиек 2020″ (Horizon 2020) бағдарламасымен қолдау тапқан «Educational Robotics for STEM” («STEM үшін білім беру робототехникасы”) атты ірі ауқымды жобаны іске асырды. Осы бағыт бойынша соңғы 20 жыл ішіндегі жұмыстарды талдай отырып, «Educational Robotics for STEM” жобасының қатысушылары «білім беру робототехникасы” деген нақты анықтама жоқ екенін көрсетеді, бұл ретте робототехниканы көптеген зерттеушілер білім беру үшін айтарлықтай әлеуеті бар технология ретінде атайды, ал «робототехника” және «білім беру” сөздері жарияланымдарда қатар қолданылып, «білім беру робототехникасы” деген сөз тіркестерінің айтылуы да жиі қолданыста кендігі белгілі болды.
Білім беру робототехникасы — бұл ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейін көрсететін интегративті пәндік сала. Ол мектеп пәндерінен білімді қамтиды: информатика, физика, математика.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin