Түркістан облысы: Отырар ауданында түнгі рейдтік шаралар жүргізілді

Қай елде болсын, көптеген келеңсіз оқиғалардың түнгі мезгілде орын алатындығы белгілі. Осы орайда Отырар аудандық полиция бөлімі, білім беру ұйымдары мен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің мамандары бірлесіп, жасөспірімдердің көп жиналатын ойын-сауық орындарында, дүкендер мен кафелерде түнгі рейдтік іс-шарасын жүргізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіретінін айтып, есірткіні таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс екендігін жеткізген болатын.

Жергілікті БАҚ өкілдерін қатыстыра отырып өткізілген шарада кәмелетке толмаған жастардың беймезгіл уақытта көшеде жүруін шектеу, жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткілердің таралуының алдын алу туралы түсіндірілді.

Азаматтарды салт-санамызға жат, жаман әдеттерден аулақ болуға үндеп, рұқсат етілмеген зиянды заттарды пайдалану бойынша құқықтық түсініктеме беріліп, арнайы дайындалған парақшалар таратылды.

Жастарға бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.