Түркістан облысы: Отырар ауданының полицейлері 140 қойды жымқырған бақташыны анықтады

Отырар аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында мал жайылымға 750-ден астам қойын тексеруге барғанында, 140 бас қойы мен қозысы жоқ болып шыққанын жеткізді. Оқиға орнына жеткен полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Куәлардан жауап алу барысында бұл қылмысқа жәбірленушінің малын сеніп тапсырған бақташысының қатысы бары анықталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 7 миллион теңге екен. Бұл жөнінде Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғанындай, бақташы қойларды танысына әрқайсысын 35 мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған малдарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда бақташы мен сатып алушы Отырар аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы тұста атап өтер жайт, мал ұрлығы – қылмыстың резонансты түрлерінің бірі. «Жыл басынан бері 500-ден астам мал ұрлығы мен 60 қылмыстық топ ұсталды», — дейді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов түнеугүнгі брифингте.

«Айта кетейін, мал ұрлығының 70 пайыздан астамы тегін жайылымнан орын алады. Ветеринариялық бақылау қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жедел-профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде» — деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Құдияр Нұрсейітов. Оның айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстың бұл түрі бойынша тұрақты төмендеу үрдісіне қол жеткізілді.

Мәселен, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы мал ұрлығы 17 пайызға азайып, ашылу көрсеткіші 60 пайызға дейін жақсарған.

«Ұрланған 5 мың бас ірі қараның 3 мыңға жуығы немесе 56 пайызы табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Жыл басынан бері 500-ден астам мал ұрлығы мен 60 қылмыстық топ ұсталды. Павлодар облысында 1 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді» — дейді Құдияр Нұрсейітов.

Ол ағымдағы жылдың 22 сәуірінде ІІМ Криминалдық полиция департаменті Павлодар облысының полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырған арнайы операцияның нәтижесінде 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталғанын қосты.

«Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстарының аумағында мал ұрлығының 6 фактісі бойынша жасалғаны дәлелденді. Барлығы 167 бас ірі қара малды ұрлап, жалпы шығын көлемі 77 миллион теңгеден асады. Тағы бір мысал. Түркістан облысы бойынша ПД қызметкерлері 2022 жылдың көктемінен бері Сарыағаш және Келес аудандарында жылқы мен ірі қара мал ұрлаумен айналысқан 4 адамнан тұратын қылмыстық топтың әрекетін құрықтады. Ұсталғандардың 18 мал ұрлығы фактісін жасағаны дәлелденді, онда жалпы құны 12 миллион теңгеден асатын 26 бас ірі қара ұрланған» — дейді Құдияр Нұрсейітов.

Ішкі істер министрлігі ұрлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомстволық бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде оң нәтижеге қол жеткізілгенін, мұнда тікелей мал ұрлығына ерекше көңіл бөлінгенін түсіндірді.

Маусымның 23-і күні Қостанай облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қостанай облысының криминалдық полициясының қызметкерлері арнайы операция жүргізді.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.