Түркістан облысы: Отырар ауданы прокуратурасы 127 кәсіпкердің құқықтарын қорғады

Отырар ауданының жергілікті тұрғындары көктем, жаз, күз мезгілдерінде егін және мал шаруашылықтарымен айналысып келеді, халықтың басым бөлігінің тұрмыстық тіршілігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге байланысты.

Осы орайда егін шаруашылығын дамыту мақсатында егін егу және жинау кездерінде шаруа қожалықтары жеңілдетілген жанар-жағар майды ауадай қажет етеді.

Аудан прокуратурасы жүргізген талдау қорытындысы бойынша өткен жылдың күзгі дала жұмыстарына мемлекеттен жеңілдетілген жанар-жағармайды (дизель отыны) арзан бағадағы жеткізуші оператор ретінде «Каф Мұнай Отырар» ЖШС-і белгіленген, бірақ аталған мекеменің уақтылы жеткізбеуі салдарынан шаруа қожалықтары жанар-жағармайды қымбат бағада сатып алуға мәжбүр болып, артық шығындарға тап болғаны анықталды.

Осының негізінде аудан прокуратурасы енгізген заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну актісінің негізінде, бүгінгі таңға дейін 217 шаруа қожалығына жалпы 1307 тонна жанар-жағармай жеткізіліп, соңғылардың құқықтары қорғалды. Бұл туралы ақпаратты Отырар ауданының прокуратурасы таратып отыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.