Түркістан облысы: Сауран ауданындағы Құмтүйін елді мекенінің кіре берісіне қақпа орнатылды

Бүгін Сауран ауданында игілікті шараның куәсі болдық. Тарқатып айтатын болсақ, Қарашық ауылдық округіне қарасты Құмтүйін елді мекенінің кіре берісіне ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер Ырысбай қажы Айтуғановтың бастамасымен арнайы қақпа орнатылып, ашылу рәсімі өтті. Бұл жөнінде Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға аудан әкімі Ғани Рысбеков, ауылдық округтің ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Құмтүйін ауылының тұрғыны Ырысбай қажы Айтуғанов бұған дейінде көптеген игілікті істің ұйытқысы болып келген екен.

Аудан әкімі Ғани Құрмашұлы елді мекен тұрғындарын игілікті шараның ашылуымен құттықтап, ел игілігін молайту жолындағы еңбегін жоғары бағалап, ауданның дамуына үлес қосып келе жатқанын айта келе, ақсақал Ырысбай қажы Айтуғановқа алғыс хат табыстады.

Бұдан соң ауыл имамы Ж.Джакенов, «Тұран» шаруа қожалығының төрағасы Х.Азимов, ауыл ақсақалы, қажы Ы.Айтуғанов сөз сөйлеп, өздерінің игі тілектерін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.