Түркістан облысы: Созақ ауданы әкімдігінің кезекті аппарат мәжілісінде бірнеше мәселе күн тәртібіне шығарылды

Созақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ақәділ Сатыбалдының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе жылу беру маусымына дайындық шаралар жөнінде аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ербол Аманов хабарлап, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Әбенұлы нысаналы мақсатына орай пайдаланылмай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстарының барысына тоқталып өтті.

Атап өтер мәселе, Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 104 940 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланудағы жерлер — 716 948 гектар, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес, басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер -70945 гектар, босалқы жерлер (ауданның арнайы жер қоры) — 2 016 809 гектар, орман қорының жерлері — 1 034 898 гектар, су қорының жерлері — 3245 гектар, елді мекендердің жерлері — 261 296 гектар, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 799 гектар.

Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 3 519 921 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 13912 гектар, суармалы егістік — 5813 гектар, тәліми — 8099 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 337 гектар, шабындық жерлер — 11773 гектар, жайылымдық — 3 493 899 гектар.

      Жер санаттары бойынша:

      ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 673 261 гектар;

      елді мекендердің жерлері — 261 296 гектар;

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес, басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 54 537 гектар:

      ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 799 гектар;

      орман қорының жерлері — 1 014 898 гектар;

      су қорының жерлері — 3245 гектар.

      Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Созақ ауданында 10 ауылдық округ пен 2 кент (Шолаққорған, Жартытөбе, Таукент, Сызған, Қарақұр, Қаратау, Тасты, Шу, Құмкент, Жуантөбе, Қыземшек, Созақ), 35 ауылдық елді мекен орналасқан.

      Ауыл шаруашылығына келсек, ауданның ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 3521855 гектар. Оның ішінде егістік жерлер — 13912 гектар, суармалы егістік — 5813 гектар, тәліми — 8099 гектар, көп жылдық екпелер 337 гектар, шабындық жерлер — 11 773 гектар, жайылымдық — 3 493899 гектар.

      Созақ ауданы бойынша ірі қара мал – 39613, қой-ешкі – 278458, жылқы – 24667, түйе — 14448, құс 36750 басқа жетті.

      Созақ ауданының ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны мен табиғи жайылымдарды қажет ететін мал басының ауылдық округтер мен кенттері кесіндісі бойынша мәліметі:

Ауылдық округтері мен кенттері Түйе Жылқы Оның ішінде Табиғи жайылымды қажет ететіні
Қолда ұсталатыны
1 2 3 4 5 6
1 Шолаққорған 2766 6130 2598 6298
2 Жартытөбе 100 1514 710 904
3 Таукент 20 414 291 143
4 Сызған 956 2104 1010 2050
5 Қарақұр 2013 1641 1326 2328
6 Қаратау 1195 1235 920 1510
7 Тасты 1340 1196 805 1731
8 Шу 73 396 161 308
9 Құмкент 30 997 324 703
10 Жуантөбе 1752 2175 2003 1924
11 Қыземшек 39 1680 739 980
12 Созақ 4164 5185 3515 5834
  Барлығы: 14448 24667 14402 24713
Ірі қара мал Оның ішінде Табиғи жайылымды қажет ететіні Уақ мал Оның ішінде Табиғи жайылымды қажет ететіні
Қолда ұсталатыны Қолда ұсталатыны
7 8 9 10 11 12
6523 4369 2154 42578 22632 19946
2995 1712 1283 29268 15989 13279
1190 836 354 6247 5123 1124
4596 2113 2456 42673 21959 20714
3021 1596 1425 37784 14763 23021
2709 1716 993 13199 9270 3929
2579 1569 1010 11376 7610 3766
1063 658 405 4255 2423 1832
2295 1462 833 20150 11605 8545
4125 2781 1344 19075 11189 7886
1174 699 475 5990 2598 3392
7343 3397 3946 45863 25001 20862
39613 22908 16678 278458 150162 128296

 

             

      Төрт-түлік малды жайылымдық жерлермен қамтылу деңгейі мынадай:

Ауыл округтері мен кенттері Ауылдық округтері мен кенттерінің жалпы жайылымның жер көлемі, гектар Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Түйе-жылқы Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Ірі қара мал
1 2 3 4 5 6 7
1 Шолаққорған 241115 6298 9 36441 2154
2 Жартытөбе 271616 904 9 7128 1283
3 Таукент 2299 143 9 585 354
4 Сызған 261678 2050 9 15219 2456
5 Қарақұр 367155 2328 9 15057 1425
6 Қаратау 586216 1510 9 10368 993
7 Тасты 384496 1731 9 8433 1010
8 Шу 369891 308 9 2349 405
9 Құмкент 211711 703 9 4410 833
10 Жуантөбе 380137 1924 9 4086 1344
11 Қыземшек 22673 980 9 3132 475
12 Созақ 394785 5834 9 38664 3946
  Барлығы: 3493772 24713 9 145872 16273
Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Уақ мал Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар Аудандағы жалпы жайылым мен қажетті жайылымның айырмасы (+-)
8 9 10 11 12 13 14
8 17424 19946 2 27786 81651 +159464
8 10568 13279 2 20502 38198 +233418
8 584 1124 2 1496 2665 -366
8 12144 20714 2 21194 48557 +213121
8 9416 23021 2 42378 66851 +300304
8 3888 3929 2 7744 22000 +564216
8 4600 3766 2 4702 17735 +366761
8 2200 1832 2 1910 6459 +363432
8 4880 8545 2 24576 33866 +177845
8 3720 7886 2 2822 10628 +369509
8 1792 3392 2 2180 7104 +15569
8 15768 20862 2 35424 89856 +304929
Барлығы: 86984 128296 2 192714 425470 +3068202

      Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: мал дәрігерлік пунктері – 11, ұсақ мал тоғыту орындары -20, жасанды қашырым пунктері-14, биотермиялық шұңқырлар — 15.

      Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет мынадай:

Ауылдық округтері мен кенттері Мал дәрігерлік пунктері Мал тоғыту орындары Жасанды қашырым пунктері Биотермиялық шұңқырлар
1 Шолаққорған 1 5 3 2
2 Жартытөбе 1 2 2 1
3 Таукент 1 1
4 Сызған 1 1 1 1
5 Қарақұр 1 1 1 1
6 Қаратау 1 2 1 1
7 Тасты 1 1 1 2
8 Шу 1 1 1 1
9 Құмкент 1 1 1 3
10 Жуантөбе 1 1 1
11 Қыземшек 1
12 Созақ 1 4 2 2
  Барлығы: 11 20 14 15

 

      Жайылым жерлердің құрғақ массасының орташа түсімділігі былайша есептеліп отыр: 5,3центнер/гектарына, азықтық бірлігі 3,1 центнер/гектарына.

      Табиғи жем-шөп алқаптарындағы жайылымдардың түсімділігі (центнер/гектарына) мен азықтық бірлігіне баға беру төмендегі көрсеткіштермен жүргізілді.

Жайылымды маусымдық пайдалану ұсынысы Азықтық бірлік бойынша жайылым сапасының өнімділігі (центнер/гектарына)
жақсы ортадан жоғары орта ортадан төмен жаман
1 2 3 4 5 6
Көктемгі-жаздық,күздік және жаздық 11,0 жоғары 7,0-11,0 4,0-6,9 2,0-3,9 2,0 төмен
Көктемдік 7,5 жоғары 5,5-7,5 3,0-5,4 1,5-2,9 1,5 төмен
Күздік 3,0-4,0 2,0-2,9 1,0-1,9 1,0 төмен
Көктемдік-күздік Екі маусым бойынша бағаланады,көктемдік-күздік

      Жем-шөп қорының құнарлығы төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

Жайылымды маусымдық пайдалану ұсынысы Жем-шөптің құнарлығы (100 килограмм құрғақ шөптегі азықтық бірліктің көлемі)
жақсы орта жаман
1 2 3 4
Көктемдік 72-ден жоғары 55-72 55-ден төмен
Көктемгі-жаздық,күздік және жаздық 60-тан жоғары 49-60 49-дан төмен
Күздік 50-ден жоғары 40-50 40-тан төмен

«Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жерді ортақ жайылымға қайтару бойынша 2023 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан 120,0 мың гектар жер учаскесін Созақ аудандық жер қорына қайтару бойынша Облыстық басқарма тарапынан жоспарланып, 2023 жылдың 7 айында 58261 гектар жер учаскесі аудан қорына қайтарылды.

Аудан аумағындағы саяси тұрақтылық жөнінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан шаралар жөнінде аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов баяндады.

Атап өтерлігі, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 194 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 153 азаматтың құжаты 805,160 миллион теңгеге мақұлданып, 91 азамат 447,860 миллион теңге жеңілдетілген несие алды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақәділ Сатыбалды күн тәртібінде қаралған мәселелер жөнінде жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ Таукент, Қыземшек кенттеріндегі орталықтандырылған жылу қазандықтарына қажетті қатты және сұйық отынның жеткізілу барысын назарға алды. Салаға жауапты мамандарға жиында қаралған мәселелер бойынша қажетті шараларды сапалы әрі уақытында атқаруды және осы бағыттағы жұмыстарды әркез бақылаудан шығармауды ескертті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin