Түркістан облысы: Темір ауылындағы «Шәуілдір топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі тарапынан су айдағыш насос орнатылып, бүгінде ауызсу кестеге сәйкес беріліп жатыр

Бұл жөнінде Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың Темір ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданда атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндау барысында сөз болды. Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бектіқұл Арзықұл, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Көлбай Жалғасбай, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында бұған дейін темірлік ағайынмен өткен кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалуы туралы айтып өткен аудан басшысы әрбір мәселені шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Мәселен, бұған дейін ақпан айында өткен кездесуде тұрғындар Темір орта мектебінің кәріз жүйесін ретке келтіру, ауылдық емханадағы құрал-жабдықтардың жетіспейтіндігі туралы айтып, өтінішін айтқан болатын. Аталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, бүгінде Темір жалпы орта мектебі әжетханасының кәріз жүйесі жөндеуден өткізілсе, денсаулық сақтау мекемесі тарапынан аудан көлемінде емдеу мекемелеріне қажетті құрал жабдықтар алу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізіліп, Темір дәрігерлік амбулаториясы тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ тұрғындардың өтінішіне сәйкес елді мекендегі Теріскей көшесіндегі тұрғын үйлерде жаз уақытында ауызсу жетіспеушілігіне байланысты «Шәуілдір топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі тарапынан су айдағыш насос орнатылып, бүгінде ауызсу кестеге сәйкес беріліп жатыр. Тұтастай алғанда, ауыз сумен қамту бойынша Отырар ауданында алға жылжу бірден байқалады. Мысалы, Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 33 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (50306 адам немесе 97,5%). Әрине, 5 елді мекенде орталықтандырылған ауызсу жүйесі жүргізілмегенін де айта өткен жөн. Олар: Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл ауылдары.

Әйткенмен 2022 жылы Бестам (халық саны — 151), Жанкел (халық саны — 191), Ызакөл (халық саны — 275) елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы басталған, 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Қарақоңыр ауыл округіндегі Сырдария (халық саны — 352) елді мекеніне жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде.

2025 жылы Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл (халық саны — 365) елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген екен. Қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан геологиялық іздеу-барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылып жатыр.

Жобаны жүзеге асыру барысында ауыз сумен қамтылмаған бес елді мекендегі 1334 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып, 2025 жылы аудан бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ауданға қарасты бірқатар елді мекендердің ауызсу жүйелері тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп отырғандығын да назарға салайық. Осыған орай, Жаңа Шілік, Аққұм, Балтакөл, Маяқұм елді мекендерінің ауызсу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.

Мұнан бөлек Темір ауылын табиғи газға қосу үшін монтаждау, сынама жасау жұмыстары атқарылу үстінде. Ағымдағы жылы ауыл тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізбек. Орайы келгенде еске салайық, Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған. АГТС арқылы 2025 жылға 34 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінде 22 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. 2022 жылдың есепті кезеңінде 13 елді мекенде газ құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда 12 елді мекендегі 2139 абонент (қосылуы — 66 пайыз) табиғи газға қосылған. Олар: Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам, Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір елді мекендері, халық саны — 20759, абонент саны – 3239.

Ал 2023 жылы 9 елді мекен (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Отырар, Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария елді мекендері, халық саны — 16123, абонент — 2681) табиғи газға қосылған жағдайда аудан халқының 72 пайызы (5981 абонент, 37113 тұрғын)  табиғи газбен қамтылатын болады.

Бұдан бөлек 2024 жылы Қостүйін елді мекенін газға қосу жоспарланып отырғанын білдік. Сәкен Сұлтанхановтың жоспарлауынша, 2023 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 12 елді мекеннің   жобалық-сметалық құжаты әзірленіп (Аққұм, Жанкел, Көксарай, Ызакөл, Шеңгелді, Қостерек, Бестам, Маяқұм, Үштам, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл елді мекендері, халық саны — 14312, абонент — 2243), 2025 жылға газ құрылысын аяқтап, ауданның жалпы газбен қамтылуы 99,6 пайызға жетеді деп күтілуде.

Шәуілдір-Темір автокөлік жолы бойын көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары мен Темір ауылындағы жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары да қолға алынып, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Шыны керек, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша Отырар ауданында бірқатар жұмыстар атқарылған. Мәселен, 2022 жылы Шәуілдір ауылындағы М.Әуезов көшесіне (45,176 миллион теңге) және Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары (35,017 миллион теңге) пайдалануға берілген.

Сонымен қатар 2022 жылы 4 елді мекенде (Балтакөл, Шытты, Қарғалы, Қостерек) спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға беріліпті.

Ал Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстарына (94,15 миллион теңге) қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліпті (келісімшарт құны 72,576 миллион теңге).

«Қазіргі заман талабына сай елді мекендерде балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын салу бойынша тұрғындардан сұраныстар көптеп түсіп жатыр» деген аудан басшысы биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққұм, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік елді мекендеріне балалар ойын алаңшасын салуға сметалық құны 151,6 миллион теңге, Шеңгелді, Талапты, Арыс, Көлқұдық, Маяқұм елді мекендерінен спорт алаңшаларын салуға сметалық құны 125,8 миллион теңге қарастырылып отырғандығын жеткізді.

Бұдан бөлек Шәуілдір-Темір автокөлік жолының ортасына абаттандыру жұмыстары жалғасын табады (сметалық құны: 72 миллион теңге) екен. Оған қоса Отырар ауданының кіреберіс қақпасының төңірегі жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады (смета құны — 45 миллион теңге).

Кездесуде тұрғындар көкейде жүрген мәселелері бойынша сауалдарын қойып, жауапты мекеме басшылары тарапынан тұщымды жауаптарын алды. Ардагер ұстаз Мырзабай Өксікбаев ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын айтып, ел басқарып отырған азаматтарға ризашылығын жеткізсе, ауыл қариясы Бекміш Төлепбергенов елдің амандығын тілеп ақ батасын берді.

Жиын соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Темір ауылдық округі – Түркістан облысы Отырар ауданындағы әкімшілік бөлік. 1994 жылы құрылған. Жер аумағы 110,9 шаршы шақырымды құрайды. Құрамына Темір, Ақшоқат, Отрабат, Ұзынқұдық ауылдары және №37 темір жол айрығы кіреді. Орталығы — Темір ауылы.

Темір ауылы Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылынан 7 шақырым қашықтықта жатыр. Темір ауылының 20%-ы жазық төбенің үстінде, қалған бөлігі ойпат жазыһта орналасқан. Топырағы тұзды сортаң. Ауылда ешқандай өзен немесе су қоймасы жоқ. Темір ауылының ойпан жазық бөлігіне Шәуілдірден оман-арық арқылы егістік алқаптарын суару үшін су жіберіледі.

Темір ауылы туралы ерте заманғы деректер өте сирек. Темір ауылының теріскей беткейіндегі Қыркескен (Қарауыл төбе) төбешігін Отырар археологиялық музейінің негізін қалаушы Асантай Әлімов оқушылармен археологиялық жұмыс жүргізгенде моншақ, шаш түйрегіші, екі басты жылан бейнелі білезік, жүзік, құмыра, қылыш және тағы басқа заттар тауып алады. Бұл ежелгі дүниелерді ғалымдар I-IV ғасыр енішіне жатқызады. Сонда қабірлердегі адамдардың бастары әр бағытқа қарай жерленгендерін қорыта келе, қабірлер ислам діні шықпай тұрған кездегі жерленген адамдар деген тұжырымдамаға келген.
Темір ауылы тарихта үлкен шаһар болмаған соң көп аталмайды. Ал ауыл атының шығу тарихы туралы мына қызық аңыз айтылып келеді. Таяу және Орта Шығыс, Үндістан мен Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған, 36 жыл ел билеген Әмір Темір (1334-1405) раджаб (қаңтар) айының 12-де Қытайға аттанып бара жатқан жолда Отырарға аялдап, қатты ауырып, осы маңда Кесік деген жерде қайтыс болған. Сол себептен Темір ауылының осылай аталған болуы керек.

Темір ауылы Отырар шаһарымен бірге өзінің өркендеу, құлдырау дәуірлерін бастан өткізді. Қазіргі темір ауылына байланысты тағы бір деректі Кемел Ақышевтің кітабынан кездестіруге болады. Тарихтан Отырар XIV ғасырдың аяғы мен жартысында Әмір Темір және темірліктер мемлекетінің құрамында ірі стратегиялық әрі экономикалық орталық бөлім болып қала беретінін білеміз. Отырар қаласының айналасындағы егістік, халықты сумен қамтамасыз ету мақсатында Арыс өзенінен Темір арық деп аталатын су жүйесі тартылған. «Зерттелулердің көрсеткеніндей, Темір арық деп аталатын су жүйесінің бас құрылысының ені 20 метр суды негізгі арнаңа негіздейтін 4 каналдан тұрады. Жағасындағы үйіндісінің биіктігі 4,5 метр жоғары. Магистральді каналдың ұзындығы 10 шақырымнан астам. Канал қазіргі Шәуілдір ауылына келіп аяқталады. Осы жерден Темір арықтан шығысқа қарай тартылған бірінші арықтың көмегімен Отырар оазисінің қазіргі темір станциясының ауданының жері XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында суландырылды» («Археологическое исследование в Отраре», 21-страница К.А.Акишев). Бұдай байқағанымыздай, Отырар оазисінің бір бөлігі ретінде, халық егін шаруашылығымен айналысқанын, қайнаған өмір болғанын байқаймыз. Түркістан-Сібір теміржолының патшалы Ресей кезінде салына бастауы қазақ жеріне оң өзгерістер әкеле бастады. Темір ауылына 1901 жылы темір жол тартылып, паровоздарға су беру, айдау мұнарасына құбыр тартылды. Бұл су құбырын халық «Николай» құбыры деп атайды. 1904 жылы алғашқы паровоз осы станциядан өткен. Сол кезден бастап, Темір станциясының рөлі арта түсті. Алғашқы теміржолшы болып Әлшері Смайлов істеген.
1932 жылы алғашқы колхоздар ұйымдастарылып, Темір станциясынан машиналар мен тракторлар станциясы (МТС) ашылды. Түркістаннан алғашқы механизаторлар Досжанов Керімбай, Жұматаев Төрегелді, Әбуов Төлеген, Кешубаев Орынбек, Сатыбалдиев Тұрғанбай трактор айдап келген. Бүкіл ауданның техникасы осы жерде болған. Егін шаруашылығы негізінен мақта болған. Осыған байланысты Темір ауылында мақта дайындау пункті ашылып, жұмыс істеген.

Темір жолдың темір ауылы арқылы өтуінің аудан шаруашылығына маңызы зор темір жол арқылы аудан өнімін сыртқа жіберу, жүу түсіру жұмыстары осы ауылда атқарылады.

Сөз соңында атап өтерлігі, Темір ауылдық округінің орталығы — Темір ауылы.

      Елді мекендері — Темір, Ақшоқат, 37 Разъезд, Ұзынқұдық, Отырабад.

      Халық саны — 4400 адам.

      Округтің барлық жер көлемі-2975 гектарды құрайды.

      Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер:

Елді мекен Түйе Жылқы Ірі қара мал Уақ мал
1 Темір 100 732 3345
2 Ақшоқат 46 364 1242
3 37 Разъезд 65 219 1142
4 Ұзынқұдық 40 213 2012
5 Отырабад 85 428 1135
  Барлығы:   336 1956 8876

 

      Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет:

Елді мекен Мал дәрігерлік пунктері Мал тоғыту орындары Жасанды қашырым пунктері Биотермиялық шұңқырлар
1 Темір 1 1
2 Ақшоқат
3 37 Разъезд
4 Ұзынқұдық
5 Отырабад 1
  Барлығы: 2 1

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескерту
1 Сәуір-мамыр Тамыз-қыркүйек  

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:

Елді мекен Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жылқы Норма, гектар Қажетті жайылым, гектар Ірі қара
1 2 3 4 5 6 7
1 Темір 2178 100 9 900 732
2 Ақшоқат 68 46 9 414 364
3 37 Разъезд 36 65 9 585 219
4 Ұзынқұдық 51 40 9 360 213
5 Отырабад 117 85 9 765 428
  Барлығы: 2450 336 9 3024 1956
Норма,
гектар
Қажетті жайылым, гектар Уақ мал Норма,
ектар
Қажетті жайылым, гектар Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар Елді мекендердің жалпы жайылыммен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+)
8 9 10 11 12 13 14
8 5856 3345 2 6690    
8 2912 1242 2 2484    
8 1752 1142 2 2284    
8 1704 2012 2 4024    
8 3424 1135 2 2270    
8 15648 8876 2 17752 36424 -36424

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin