Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша республикада көшбасшылар қатарында тұр

Түркістан өңірінде инвестиция тарту, индустрияландыру жұмыстарына басымдық беріліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.

– Биылғы 10 ай қорытындысына сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өсімі сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгеден асты. Ал өнеркәсіп өнім көлемі есепті кезеңде 2%-ға артып, жалпы 758 миллиард теңгені құрады. Аймақта зауыттар салу, инвестиция тарту жұмыстарына басымдық берілген. Шетелдік ірі компаниялармен келіссөздер тұрақты өтіп жатыр. Таяу жылдары өңірде ірі кәсіпорындар жұмысын бастайды. Сол бағытта бар күш-жігерімізді саламыз, – деді Дархан Сатыбалды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіруші компаниялардың сұранысына сәйкес, Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салу жоспарлауда. Жобаның инвестициялық құны 100 миллиард теңгені құрайды. 250 жаңа жұмыс орнын ашылады. Бүгінгі таңда зауыт құрылысына қажетті жер учаскесі бөлінді. Компания тарапынан техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде.

Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 30,2 миллиард теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылып, 594 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгінде 384 жаңа жұмыс орнымен жалпы құны 11 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Өңірде ірі жобаларды іске асыру есебінен өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қосымша 100 миллиард теңгеге көбейту көзделуде. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінгі таңда 10 жоба іске қосылды (11 миллиард теңге, 384 жұмыс орны).

Облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі 1,4 есеге артып, 751 миллиард теңгеден асты. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 225,3 миллион АҚШ долларын құрады. Жалпы құны 3,3 триллион теңгені құрайтын 194 инвестициялық жобаның пулы қалыптасты. Олар 2023-2026 жылдар аралығында іске қосылып, 16 467 жұмыс орны ашылады деп межеленген. Биыл 51 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, жыл басынан 39 жоба іске қосылды. 1230 жұмыс орны ашылды.

Көш басында демекші, Облыс экономикасының маңызды саласының бірі ауыл ошаруашылығында өнім көлемі 1 триллион теңгеден асып, республикада көш бастады. Жыл басынан салаға 88,5 миллиард теңге инвестиция тартылды.

– Биыл біз ауыл шаруашылығындағы негізгі өзекті мәселелерге назар аударып, оны жүйелі түрде шешу жолдарын қарастырдық. Біріншіден, жылыжай шаруашылықтарын қолдаудың жаңа тетіктері жасалып, жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Биылғы жылға бұл мақсатта 500 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ жылыжайларды бір орталықтан қатты отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, көмір өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілді. Екіншіден, мақта шаруашылықтарын дамыту мақсатында «Global Textile Solution», «TST JETISAY TEXTILE», «Cotton Мақта» және «Tulpar Textile» жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде мақта бағасына экспорттық тәуелділікті жоятын боламыз. Сондай-ақ мақта дақылын рентабельділігі жоғары дәндік жүгері дақылдармен алмастыру мақсатында «Жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеу зауыты» жобасы жүзеге асырылуда. Үшіншіден, су шаруашылығын дамыту үшін «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорынның жұмысын жүйелендіру есебінен, каналдарды қалпына келтіру және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын мерзімінде атқаруға қол жеткіздік. Нәтижесінде бюджет қаржысы 28 пайызға үнемделіп, экономикалық тиімділігі 1,5-2 есе жоғары болды, – деді Дархан Сатыбалды.

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнімдерінен рекордтық 3,3 миллион тонна жиналды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл құны 16,7 миллиард теңгені құрайтын 25 жобаны іске асыру көзделсе, соның құны 14,1 миллиард теңге болатын нақты 22 жоба қосылды. Нәтижесінде 396 жұмыс орны ашылды.

Салада жаңа технология кеңінен қолдануда. Қарқынды бау көлемі биыл 5 405 гектарға жеткізілді. Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып отыр. Бұрын 60-70 центнер болса, қазір 300-350 центнерге дейін өнім жиналып отыр.

Су үнемдеу технологиясы 31 788 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9 403 гектарға ендіріліп, суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді.

Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналды.

Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада алдыңғы орында келеді. Мал басы және өнімділігі орташа есеппен 5%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша да облыс республикада алдыңғы орында тұр. Ірі қара мал етінің үлесі — 85%, ұсақ мал 60% құрайды. 10 мың тонна ірі қара мал, 4,6 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin