Түркістан қаласында еліміздегі ең үлкен алхоры бағы егіле бастады

Түркістанда Қазақстандағы ең үлкен алхоры бағы егілуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.


Халықаралық әуежайға барар жолдың бойындағы бақтың жалпы аумағы 400 гектар. Онда 3-5 жылда өнім беретін алхорының «Black Splendor», «Black Diamond» және «Angeleno» сұрыптары отырғызылуда. Бақша өнім берудің толық мерзіміне жеткенде әрбір гектардан 20 тонна алхоры береді деген жоспар бар.

Жобаның иесі, кәсіпкер Болатбек Әлиев израильдік озық технологиямен егіліп жатқан баққа мол сенім артып отырғанын айтты.

«Басқа жеміс отырғызбай алхоры егуіміздің бірнеше себебі бар. Жемістің бұл түрі базар нарқында сирек кездеседі және бағасы да жоғары. Сондай-ақ, көшеттің бұл сорттары Түркістан қаласының климатына шыдамды. Әдеттегідей тамшылатып суару жүйесі енгізілгендіктен су айтарлықтай үнемделетін болады. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етуді өзімізге басты мақсат етіп алдық», – дейді Б.Нәжметдинұлы.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 732 Comments

  1. no prescription needed canadian pharmacy [url=https://onlinepharmacy.cheap/#]pharmacy online[/url] canadian pharmacies not requiring prescription

  2. Hi! Do you know if they make any plugins to assist with Search Engine Optimization? I’m trying to
    get my blog to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good success.
    If you know of any please share. Thank you!

    You can read similar blog here: Sklep online

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.