Төлеби: Конго-Қырым қызбасының алдын алу

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу тақырыбында Төлеби аудандық ауруханасының бейінді мамандары мен жұқпалы аурулар бөлімінің медбикелеріне семинар өткізіліп тұрады.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының

Патогенезі

Науқас адамның көзіндегі өзгерістер

Диагноз және дифференциальды диагнозы

Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері және ағымы жөнінде ауруханамыздың жұқпалы аурулар дәрігері С.Ахраров баяндады. Санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және 1 типтегі обаға қарсы костюмді кию және шешу тәсілі, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиясы бойынша эпидемиолог дәрігер С.Ұ.Қырықбай түсіндірме жұмысын жүргізді.

Жалпы, Конго-Қырым қызбасы — геморрагиялық синдроммен және ауыр ағымымен сипатталатын, жіті вирусты, табиғи-ошақтық инфекциялық сырқат. Оны тасымалдаушылар — кенелер. Олар арбовирус тобына жатады.

Тасымалдаушылар – (кенелер) тышқан, қоян, кірпі терілерінде паразит ретінде орналасып ауру таратады.

Адам кездейсоқ уақытта кененің шағуына шалдықса, жұқпалы ауруға душар болады.

Ауру негізінен Ресейдің Европалық бөлігінің оңтүстік аймақтарында, Молдовада, Украинада, Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда тіркелген.

КҚГҚ-ның адамға берілу жолдары:

  1. Трансмиссиялық-кененің шағуы арқылы
  2. Байланыстық-жаншылған кенемен тікелей байланыс кезінде
  3. Қанына вирус өткен жануарлардың қанымен немесе тінімен
  4. КҚГҚ-мен ауырған адам денесінің немесе мәйіттің қанымен немес сұйықтығымен/тіндерімен тікелей байланыс кезінде немесе шығарымымен ластанған медициналық құралдар, медициналық мақсаттағы материалдар арқылы жанама байланыс кезінде.
  5. Ауа-тамшы (көз және тыныс алу органдарының шырышты қабаты арқылы).

Біле жүріңіз! Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы) — адамның вирустық табиғи-ошақты ауруы, оның қоздырғышы кене болып табылады. Ол күрт басталуымен, дене температурасының екі толқындық көтерілуімен, жалпы интоксикациямен және геморрагиялық синдромммен (қан ағу жоғарылайды) сипатталады. Конго-Қырым ауруын алғаш рет рессей дәрігерлері 1944 жылы тапқан, кейін бұл ауру Конгода, Нигерияда, Сенегалда, Кенияда смпатталған. Қызбаның қоздырғышы – нейровирустар типіндегі РНҚ құрамындағы вирус. Вирустың резервуары болып майда жабайы құрт құмырсқалар жатады, кене тасмалдаушы және сақтаушы болып табылады. Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі. Ауру адам инфекция көзі болуы мүмкін, ауру адаммен қарым қатынас кезінде қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру).

Вирус организмге тері арқылы беріледі (кене шаққан кезде),вирус қанға өтеді және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады және қанайналымда жүреді. Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн).
Ауру тез басталады және дене температурасы кенеттен 39-40°С дейін көтеріліп, қалтыраумен бірге сипатталады. Бұл кезде өте жоғарғы дәрежедегі бастың ауруымен және қатты әлсіздікпен көрінеді, ұйқышылдықпен, бүкіл дененің қақсап ауруы, бұлшық еттердің және буындардың ауруы байқалады, іштің ауыруы, кейде құсу жүреді.Бастапқы кезеңде науқастарды қарап тексерген кезде, бет, мойын және кеуде үстіңгі бөліктерінің терісі қызаруы байқалады («симптом капюшона»).Вирус қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігінің артуына әкелетін қан тамырларының эндотелийін, сондай-ақ, бүйрек үсті безінің сыртқы қабатын және гипоталамусты бұзады, қан ұю процестерінің бұзылуына әкеледі. Аурудың 2-6 күнінде геморрагиялық синдром дамиды. Кеуде қуысының бүйір бетіндегі температура аздап төмендеген кезде, иық белдеуінің аймағында жоғарғы және төменгі бөліктерде геморрагиялық бөртпе пайда болады. Инъекциялық жерлерде, мұрыннан және қызыл иектен қан кетулер байқалады. Осы кезеңде аурудың ауырлығы артады, есін жоғалту эпизодтары қайталануы мүмкін. Асқазан мен ішектің қан кетуі болжамды нашарлатады. Орташа есппен алғанда, дене температурасы 12 тәулікке дейін көтеріледі, сауығу баяу жүреді, әлсіздік (астения) 1-2 ай бойы сақталады. Геморрагиялық қызбасының асқынулары — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мумкін.

Ауруды тану, клиникалық деректерге негізделеді (жедел басталу, ауыр түрде өтуі, ауыр геморрагиялық синдром, маусымдық, анамнезінде кене шағуы). Вирусологиялық және серологиялық диагностиканың әдістері практикада сирек пайдаланылады. Емдеу инфекция бөлімінде жүргізіледі. Қабынуға қарсы ем тағайындайды, несеп шығуы қалыпқа келтіріледі.Бүйректің зақымдануын арттыратын препараттарды қолданылмайды. Табиғи аудандарда кененің белсенді периодында, абайлау және ұқыпты болу керек. Кене шаққан кезде жедел түрде медициналық мекемеге хабарласыңыз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 036 Comments