Төлеби ауданы: 2022 жылы Алатау ауылдық округі бойынша көшелеріміз 100 пайыз асфальтталады

Төлеби ауданы: Алатау ауылдық округінде инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Алатау ауылдық округі әкімі аппараты хабарлайды.


Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінде, Қайнар елді мекенінің — Д.Қонаев, Самал көшелері, Екпінді елді мекенінің — С.Тәжібаева, Теректі көшелері, Біркөлік шатқалы — Қазақстан көшесі, Нысанбек елді мекенінің — Тау Самалы көшесі, аудандық бюджет есебінен асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Және Жаңатұрмыс елді мекенінің — Жалғызағаш көшесімен Біркөлік шатқалымен Екпінді елді мекенінің арасындағы Назарбеков көшесі облыстық бюджет есебінен жыл соңына дейін асфальтанатын болады.

Алатауда ауылдық округінде жалпы, 65 көше бар, оның 53 көшесі толық асфальтталған, 6 көшеміз қыркүйек айына дейін толық асфальтталып бітетін болады, асфальтталған көшелер 92 пайызды құрайды. Қалған 6 көшемізге жобалық сметалық құжаттары жасалынып, тиісті мекемелерге өткізілді, Алдағы 2022 жылы Алатау ауылдық округі бойынша көшелеріміз 100 пайыз асфальтталады деп күтілуде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 794 Comments