Шардара: Тұрғындар жеке қабылдауда болды

Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Шомпиев тұрғындарды жеке қабылдады. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан: кәсіпкерлігін дамытуға ақшалай көмек алу, тұрғын үй кәріз жүйесінің ақауы, жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, жолға жасанды кедерге қою, жер алу мәселесі, көшені жарықтандыру, электр қуатына арналған қосымша трансформатор қою, лоток жүйесін реттеу, аяқ жол салу, суармалы жерді конкурспен алу және жүргізіп жатқан кәсібі бойынша мемлекеттен көмек алу жөнінде мәселелері жайында сөз қозғалды.

Жеке қабылдауда: Жолдасова Қалия Шағатаевна, Садуова Мадина, Садықова Жұлдыз Қырбаевна, Айменова Гүлдар, Рзакулова Айнаш, Алиев Асқар, Сулейменова Жанагул Сейдалиевна, Алмуратов Ерхан Адилова, Курбанай Мусаевна және Жақсылықова Ақмарал Оңғарбайқызы сынды бірқатар азаматтар болды.

Б.Шомпиев тұрғындардың өтініштеріне заңды түрде жауап беріп, тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын жеткізді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.