Шымкентте биыл жаңа оқу жылы жақсы жаңалықтармен басталған болатын. Қаламызда Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты ашылып, жұмысын бастаған еді.
Шымкенттік оқушылар үшін IT саласындағы тағы бір қуанышты жаңалықтың бірі – «ІТ CAMP» жобасы. Аталған жоба Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен жүзеге асып отыр. «IT CAMP» жастардың және жасөспірімдердің IT саласына қызығушылығын арттыра отырып, жастардың жаңа саланы игеруіне мүмкіндік береді.
Жоба жастар арасында отандық, жергілікті ІТ өнімдерін, жаңа компаниялар мен мамандарды даярлау, цифрлық сауаттылықты арттыруды көздейді. Кез келген жас ІТ саласы бойынша білім алып, білімдерін жетілдіріп, жаңа стандарт жобалар мен тың идеяларын ұсына алады. Аталмыш мектеп аясында жастарға модельдеу, бағдарламалау, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды іске қосу мен сайт ашу, тағы басқа тәжірибелік сабақтар ұсынады.
«IT CAMP» жобасы 16 қыркүйектен бастау алды. Қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары жаңа бағыт бойынша қашықтықтан ZOOM платформасында сабақ алуда. Жастардың жобаларына инвесторлар тарту арқылы өз кәсібін ашуға мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінде арнайы «Python» бағдарламалау курсымен 200 жас дәріс алуда.
Сондай-ақ, сабаққа белсенді қатысып, үй тапсырмасын күнделікті орындаған қатысушыларға 300 мың теңге және ноутбук сыйға беріледі.
Сабақ қазақ және орыс топтары бойынша жүргізілуде. Айта кетсек, бүгінде жаңа жобаға Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты, М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия, Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы, №15 Д.И Менделеев атындағы мектеп-лицей, тағы басқа білім ордаларының шәкірттері қатысуда.
«ANYQ.KZ»-ақпарат