Шымкент: Жол картасы аясында 1,8 млрд теңге үнемделген

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік сатып алу саласын жүйелендіру бағытында бірқатар нақты міндет жүктеді.


Осыған орай ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушысы Нұрбол Құлымбет отандық өнімдерді инвесторлық қорғау, бизнеске салықтық жеңілдіктер мен көлеңкелі экономика шараларын жүзеге асыру бойынша тікелей эфирде сұхбат берді.
– Есепті мерзімде басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алулар бойынша веб-порталда жалпы 1017 конкурс жарияланды. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында арнайы тәртіппен өткізілетін конкурс тәсілімен 225 конкурс 40,1 млрд теңгеге жарияланып, жеңімпаздар 38,2 млрд теңгеге анықталды. Нәтижесінде, 1,8 млрд теңге үнемделді, – деді Нұрбол Әбілқасымұлы.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, шетелдің арзан әрі сапасыз тауарлары отандық өнім ретінде ұсынылып, сатып алу конкурстарында жеңіп шығатын кездер жиі болады. Осыған байланысты реттелетін барлық сатып алуларды ашық және «Бір терезе» арқылы жүзеге асыру жұмыстары бойынша жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бірігіп, алдағы 3 жылда сатып алынатын заттар, тауарлар мен қызметтердің бірыңғай тізімін қалыптастыруда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. Good day! Do you know if they make any plugins to help with Search
    Engine Optimization? I’m trying to get my site to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good results.
    If you know of any please share. Many thanks! You can read similar text here:
    GSA Verified List

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.