
Шымкентте жыл басынан бері 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға қоғамдық жұмыстарға жолданған.
Осылайша, межелеген жоспар артығымен орындалып отыр.
Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасқан азаматтар қызметін қалай атқаруда?
Шымкент қаласында жастар практикасы бағытында уақытша жұмысқа орналасқан тұрғындардың бірі – Жұлдызай Жамал. Ол 2020 жылы Шымкент қаласындағы «SILKWAY» Халықаралық университетін бастауыш пәні мамандығы бойынша тәмамдаған. Жоғары оқу орнын бітірген жас маман былтыр қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» ретінде тіркелген.Көп ұзамай «Жастар практикасы» бойынша Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жолданды.
Бағдарламаның мерзімі аяқталған соң, биыл ақпан айында аталған білім ұясында бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде «Қоғамдық көмекші» ретінде жұмысқа тартылып, тәжірибе жинақтауда.
Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» –жұмыскерді алдын-ала кәсіптік даярлауды қажет етпейді және әлеуметтік бағытқа ие. Бағдарлама аясында жұмыс орны мамандыққа әрі еңбек өтіліне байланысты талап қоймайды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
148304 181837Oh my goodness! an wonderful write-up dude. Numerous thanks Even so My business is experiencing trouble with ur rss . Do not know why Struggle to sign up to it. Can there be every person finding identical rss dilemma? Anyone who knows kindly respond. Thnkx 525853