Шымкент: Жыл басынан бері 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға қоғамдық жұмысқа жолданған

Шымкентте жыл басынан бері 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға қоғамдық жұмыстарға жолданған.


Осылайша, межелеген жоспар артығымен орындалып отыр.

 Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасқан азаматтар қызметін қалай атқаруда?

Шымкент қаласында жастар практикасы бағытында уақытша жұмысқа орналасқан тұрғындардың бірі – Жұлдызай Жамал. Ол 2020 жылы Шымкент қаласындағы «SILKWAY» Халықаралық университетін бастауыш пәні мамандығы бойынша тәмамдаған.   Жоғары оқу орнын бітірген жас маман былтыр қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» ретінде тіркелген.Көп ұзамай «Жастар практикасы» бойынша Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жолданды.

Бағдарламаның мерзімі аяқталған соң, биыл ақпан айында аталған білім ұясында бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде «Қоғамдық көмекші» ретінде жұмысқа тартылып, тәжірибе жинақтауда.

Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» –жұмыскерді алдын-ала кәсіптік даярлауды қажет етпейді және әлеуметтік бағытқа ие.  Бағдарлама  аясында жұмыс орны мамандыққа әрі еңбек өтіліне байланысты талап қоймайды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.