Шымкент: Халыққа қызмет көрсету орталығында қариялар күні аталып өтті

«Қариясы бар ел — қазыналы ел». Халықаралық қариялар күні қарсаңында Халыққа қызмет көрсету орталығына келген зейнеткерлерге тосынсый ұйымдастырылды.


Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкенттегі филиалының баспасөз хатшысы мәлім етіті.

Мамандар аталарымыз бен әжелерімізге гүл мен сыйлық үлестіріп, кезектен тыс сапалы қызмет көрсетті.

«Біздің ата-аналарымыз бен ата-әжелерімізден қымбат не болуы мүмкін? Біз олардың әрқашан сау болғанын және ешқашан қайғырмағанын қалаймыз. Басты назар сол кісілерде болады. Қарттар — біздің қазынамыз. Оларға көңілден басқа ештеңе қажет емес », — деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкенттегі филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Мұндай іс-шара шаһардағы барлық фронт-кеңселерде күні бойы жалғасаын тапты. Еліміздің қанат жайып, өркендеуіне, ұрпағының жарқын келешегіне тілекші қарияларымыздың арамызда алаңсыз, аман-сау жүруі маңызды. Сондықтан қазыналы қариялармызды мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық тілейміз!

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.