Шымкент: «Ынтымақ-2» шағынауданында электр жүйесі мәселесі келесі жылы шешімін табады

Шымкент: «Ынтымақ-2» шағынауданында электр жүйесі мәселесі келесі жылы шешімін табады. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Шымкентте шалғайдағы елдімекен тұрғындарының инфрақұрылым мәселесі кезең кезеңімен шешіліп келеді. Барлық аудан аумағында осы бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынған,

Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен инфақұрылым мәселесі бойынша кездесті. Қазіргі таңда елдімекенде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысы аудан әкімдігінің жіті бақылауында.

Бұқарбай Рысқұлұлының айтуынша, шағынауданда электр жарығы мәселесі таяуда шешіледі. Шағынауданында бүгінде 183 тұрғын үй жекеменшік трансформатордан электр жарығын киловатына 28 теңгеден алып отыр. Қазан айынан бастап бұл баға 25 теңгеге төмендейді.

Қазіргі таңда электр жүйесінің жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленген. Келесі жылдан бастап бұл мәселе толығымен шешімін табады.

Таяуда аудан әкімі Яссауи көшесінің тұрғындарымен инфрақұрылым мәселесі бойынша кездескен болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.