«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аз қамтылған отбасылар арасында ұйымдастыру техникасының бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады

ANTIKOR.LIVE: Шымкент қаласы білім басқармасы қашықтықтан оқытуға байланысты әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға 36 мыңға жуық компьютер, ноутбук және планшет сатып алуда.


Осыған байланысты, Департамент «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, оқушылар арасында, оның ішінде аз қамтылған отбасылар арасында ұйымдастыру техникасының бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады. Аталған тауарлардың 3700 данасы А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебіне жеткізілді.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы осыған дейін қашықтан оқытуға Шымкент қаласы қаншалықты дайын екенін айтып өткен болатын.

-Қаладағы 147 мектептің 145-і (2 түрме жанындағы кешкі мектеп) интернет желісіне қосылған. Биыл осы мақсатқа 235,9 млн теңге қаралған.
Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген талапқа сәйкес, мектептерде интернет жылдамдығы секундына 8 Мб-тан кем болмауы тиіс. Қалада 24 мектептің интернет жылдамдығы осы көрсеткіштен төмен.
Қазіргі таңда «Қазақтелеком» компаниясы тарапынан жаңа оқу жылына интернет желісінің жылдамдығын 8 Мб/с – 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту және қала сыртындағы 33 елді мекенде интернет жылдамдығын жоғарылату бойынша жұмыстар жүргізілуде,-деген болатын ол.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.