Шымкент: «Қызылжар» шағынауданында көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент: «Қызылжар» шағынауданында 5 шақырым көше жөндеуден өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласында «Қызылжар» шағынауданында көшелерді орташа жөндеу және Құртаев көшесінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі М. Әйтенов №10 көшені орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ұзындығы 0,8 шақырым көшені жөндеу жұмыстарына жауапты – «АГАТ» ЖШС.

Одан бөлек, қазіргі таңда 0,4 шақырым Гаражная, 0,5 шақырым Ақтансай, 1,0 шақырым Жусанды көшелерінде құрылыс жүргізілуде. 2021 жылы жалпы ұзындығы 5 шақырым көше жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда Арыстанды, Сұлусай, Арқалык, №25 көшелеріне бюджеттен қаржы қаралған. Мамыр айының соңына дейін мердігерлер анықталады. Шағынауданда жалпы жол ұзындығы – 57,9 шақырым. Асфальт жол — 34,3 шақырым, тас жол – 20,4 шақырым, топырақ жол – 3,2 шақырым.

Сонымен қатар, шағынауданға 10 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.