Шымкент: 17 ардагерге есту құрылғысы сыйға тартылды

 Кешегі сұрапыл соғыс жылдары бүгінгі ұрпағының бақыты үшін белуардан қан кешкен жандарға қандай құрмет көрсетілсе де жарасады.


Бүгін «Nur Otan» партиясы шымкент қалалық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» атты республикалық акция аясында 17 майдангерге есту құрылғыларын сыйға тартты.

Жеңіс туын желбіреткен қарт майдангерлердің қарасы күн санап азайып барады. Көзі тірісінің өзі бүгінде сексеннің сеңгіріне шықты.  Бас партия жеңістің 75 жылдығына орай  қаладағы  ардагерлерге  есту құрылғыларын тегін таратты. 

«Аппараттың құны 180 мың теңге тұрады. Ол қарт жауынгерлерге азда болса демеу. Осындай азаматтарымызға қандай құрмет көрсетсек те артық емес»,- дейді «Nur Otan»  партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов.

 Тілеуімбет Қожаназаров бес жыл қан майданда болып елге аман оралған жерлестеріміздің бірі. Ұлт болашағы үшін аянбай еңбек еткен арда азамат бүгінгі ұрпақтың  бақытты ғұмырын көруден артық қуаныш жоқ,дейді  қарт жауынгер Тілеуімбет Қожаназаров.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 28241 304444My spouse and I stumbled over here from a different internet site and thought I may as well check items out. I like what I see so now im following you. Look forward to going more than your internet page repeatedly. 355273

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.