Әл-Фараби ауданында тазалық іс-шарасына 7 мыңнан астам адам қатысты.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтар болсақ, «Тәуелсіздік» саябағы, Қабанбай батыр даңғылындағы «Қабанбай батыр» ескерткіші және «Темір жол» емханасының аумағы, Т.Әлімқұлов және Қошқар ата, Ж.Шәймерденов кешесінің бойында сенбілік жұмыстары қарқынды өтуде.
Сенбілікте ағаш көшеттерін, гүл егу, өсік шөптерді ору, ағаштарды санитарлық қырқу және әктеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау жұмыстары атқарылды. Ағаш көшеттерінен емен, шынар, үйеңкі көшеттері және шафран, петунья, және райхан гүлдері отырғызылды.
Жалпы тазалық жұмыстарына мемлекеттік және жекешелік мекемелердің, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, аудан тұрғындары және үй, көше, орам басқарушылары, жалпы саны 7200-ге жуық адам қатысып, 57 техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, сенбіліктің мақсаты — тұрғындарға тазалықты сақтау мен жауапкершілікті сезіндіру. Қаланың таза болуына бірге ат салысу.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
I constantly spent my half an hour to read this web site’s articles daily along with a mug of coffee.