Бәйдібек: Аудан прокуроры Алғабас және Ағыбет ауылдық округі тұрғындарымен өзекті мәселелер бойынша кездесу өткізді

Аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков жұмыс сапармен Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елді мекеніне барды.


Сапар барысында аудан прокуроры аталған елді мекендегі ауылдық клубта округ тұрғындарымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан елді мекен шегіндегі жайылымдық жерлер жеке тұлғаларға беріліп, ауыл тұрғындарының үйлеріндегі асырап отырған малдарын жайылымға шығарудың өзі үлкен мәселе болып отырғандығын, ауылға учаскелік полиция тұрақтамай қойғанын, түнгі мезгілде кәмелетке толмаған балалар ауыл ішінде автокөлік басқаруы жиі орын алып жатқанын, осыған қарсы рейдтік шаралар ұйымдастыру, ауданда қазылып қоршалған жайылымдық және егістік жерлер, дүкендердегі тауарлардың бағасын реттеу мәселелері жөнінде аудан прокурорына бірқатар сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер айтылды.

Айтылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті сала басшылары жауаптарын берді. Аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сержан Сағынбай қазіргі таңда курсанттар арнайы оқытылып жатқанын, бір айдың көлемінде жаңадан учаскелік полиция инспекторы тағайындалатыны айтты.

Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков аудан бойынша егістік жерлерді қазып қоршап алған жеке тұлғалардың тізімі жасақталып, облыстық жер инспекциясына шара көру жөнінде хат жолданғанын, осы жылдың тамыз айына дейін қайта қалпына келтірілетіні айтылды. Бағаны тұрақтандыру бойынша ауданда комиссия жұмыс жасап жатқандығын, бұл жөнінде ауыл әкіміне ұсыну беру тапсырылды.

Аудан прокуроры қазылып қоршалған жерлер заңсыз екендігін, егер ондай жағдайлар орын алып жатса, жеке тұлға өз есебінен қалпына келтіру міндетті екендігін айтты.

Түстен кейін аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков, аудандық соттың төрағасы Ермек Қарақұлов, аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков жұмыс сапармен Ағыбет ауылдық округіне барып, ауылдық мәдениет үйінде округ тұрғындарымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан жайылымдық жер, интернет жылдамдығының нашарлығы, ұялы байланыс, Жаңаталап елді мекеніне баратын автомобиль жолға жол белгілерін орнату, Шыбықбел асуындағы жылыту бекетіне электр энергиясын тарту, облыстық жолдың жиегіне минералды жолақтар жасау, жаңадан беккери шұңқырын салу мәселелері жөнінде бірқатар сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер айтылды.

Аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков округте алда атқарылатын бірқатар жұмыстарды баяндап, тұрғындардың бірқатар сұрақтарына заң аясында жауап берді.

Екі округтегі өткен кездесу жиындарында тұрғындардың қойған басқа да сұрақтары назарға алынып, орындалуы аудан прокурорының жеке бақылауына алынды.

Қорытынды сөзінде аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков Алғабас пен Ағыбет ауылдық округі тұрғындарына кез-келген жұмыс уақытында қабылдауына жазылып, кеңес алуларына болатынын айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.