Бәйдібек: Әдеп жөніндегі уәкіл Кеңестөбе ауылында қабылдау өткізді

Түркістан  облысы, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдатбек Жанғазиев Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшiлермен және басқа да азаматтармен жеке қабылдау өткізді.


Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің бапасөз қызметі хабарлайды.

Жеке қабылдауда болған Б.Нұрлан, А.Нұрмаханбетов, Ғ.Майлыбаевтің қойған сауалдарына қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірілді. Азаматша А. Дүйсеқұл мен А. Жолдасбектің жаңадан мемлекеттік қызметке қалай орналасу жөнінде сауал қойды. Азаматтардың сұрағына Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдатбек Жанғазиев ережеге сәйкес заң аясында жауап берілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексiн бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бойынша өз функциялары шегiнде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация берді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік этика нормаларымен реттелетін әдеп талаптарын сақтау, ұжымда жоғары адамгершілік-этикалық ахуалды қалыптастыру  мәселелеріне назар аударды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.