Келес: Аудан әкімі жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін назарға алды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты мәселелерін шешуге және заңдылық пен құқық халықпен тікелей байланысты орнату және нығайту мақсатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының ғимаратында жеке қабылдау өткізіп, олардың талап-тілегін назарға алды.


Қабылдауға келген Абай ауылының тұрғыны Патима Идрисова өзі еккен ағаш бауы жерінің құжаттарын рәсімдеу қаузаса, Сәуле Тойманова жер телімі қашан берілетінін және тұрғын үй мәселесін көтерді. Сондай-ақ Ошақты ауылдық округінің тұрғыны Оралбай Отемисов жайылым жерінің аумағын белгілеп беруін сұрады.

Өз кезегінде аудан әкімі А.Есбаев Патима Идрисованың бауының құжаттарын рәсімдеуге аудандық Жер бөлімінің басшысы мен ауыл әкіміне тапсырма жүктеген болса, Сәуле Тойманованың мәселесіне сол мезетте түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті маман арқылы тұрғын үй кезегіне тұруына сеп болды. Ошақтылық Оралбай Өтемісовтің жайылым жеріне тиісті мамандар барып, мәселесін егжей-тегжейлі зерттейтін болды. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.