Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен жер мәселелер бойынша жиын өтті

Келесте аудан тұрғындарына жер бөліп беру және де заңсыз жер қойнауын пайдалану мәселелеріде қозғалды.


Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен жер мәселелер бойынша 2021 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар туралы ауылдық округі әкімдерінің есебі болды. Жалпы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев қатысты.

Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасына сәйкес, ауыл шарушылығы өнімін өндіру, жаңбырлатып суару, бір алқаптан 2-3 өнім алу секілді аудан әкімі Ақментай Есбаевтың 23 индикаторлық көрсеткіш тізбесі бекітілген болатын. Осы мәселелер бойынша ауылдық округі әкімдері атқарылған жұмыстары жайлы сұрақ-жауап арқылы есеп берді.

Сонымен қатар жиын барысында аудан тұрғындарына жер бөліп беру және де заңсыз жер қойнауын пайдалану мәселелеріде қозғалды. Жиын соңында жоспар бойынша атқарылмай қалған жұмыстардың орындалу үшін аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев 15 күн көлемінде уақыт берді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.