Нұрбол Тұрашбеков: «Жастардың патриоттық сезімін серпілтетін барлық бастаманы қолдаймын»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Дүкенбайды қабылдап, орталық тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.


Түркістан облысы Жастар орталығының директоры Ерасыл Толебаев қала жастарын қолдау арқылы олардың қоғамдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін атап өтті. Бұл бағытта қалалық орталықпен ортақ жоспарлар құрып, бірге жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

Түркістан тұрғындарының 25,1 пайызын жастар құрайды. Шаһар басшысы жастарға артылатын үміт пен сенімге тоқталып, үлкен жобалар мен жоспарлар күтетінін атап өтті.

Нұрбол Әбдісаттарұлы:

— Жастар — үлкен күш. «Сенікі» немесе «менікі» деп бөле жаратын дүние жоқ. Баршамыздың мақсатымыз бір, ісіміз ортақ. Ол — еңбегімізбен өңіріміздің дамуына үлес қосу. Түркістанның жалынды жастары ұятқа қалдырмайды деп сенемін. Рухани астана жастарының рухын жанып, олардың патриоттық сезімін серпілтетін барлық бастаманы қолдаймын, — деді өз сөзінде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.