Нұрбол Тұрашбеков шаһардағы кәріз жүйесі құрылысының барысын аралап көрді

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардағы кәріз жүйесі құрылысының барысын аралап көрді.


Қазіргі таңда «Тұран» мен «Ыждыхат» тұрғын үй алабы аумағында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» тапсырысымен жүзеге асқан жұмыстар аумақ тұрғындары үшін тек қолайлы орта қалыптастырып қана қоймай, жаңа жұмыс орны болып та табылды.

Түркістан–Кентау бағыты бойындағы көшелердің екі жақ бетінде алғашқы құрылыс былтыр басталған. Жыл соңына дейін жоспарлы жұмыстардың бірқатары аяқталады деп күтілуде. Мұнда атқарылар жұмыстардың нәтижесінде жалпы саны 14000-ға жуық абонент кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.

Одан өзге, М. Әбенова көшесінде болған Нұрбол Әбдісаттарұлы тасжолдың көлік қозғалысы үшін қолайсыздық туындататынын назарға алып, құрылыс құжаттамасын толығымен қайта қарайтынын атап өтті, нәтижесіне сәйкес көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.