Отпен күресу амалдарын жетік меңгерген шымкенттік жас маман

Өрт сөндіруші қызметі әлемдегі ең қауіпті, әрі нағыз ер азаматтарға тән мамандық.


Күн сайын өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары қашанда сақадай сай болуы тиіс. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің №1 мамандандырылған жасағында қызмет атқаратын Роман Письменский өрт сөндіруде батылдығымен көзге түсіп, әрі отпен күресу амалдарын жетік меңгерген жас маман.

Кейіпкеріміз — адамдардың өмірі мен тілсіз жаудан араша етуді бала кезінен армандаған. Арманы алға жетелеп, Көкшетау техникалық институтына оқуға түседі.

Романның мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынтасы жоғары болды. Мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған барлық іс-шараға белсенділігі мен өз мамандығына деген зор ықаласының арқасында аталған оқу орнын үздік тәмамдап, Елбасы қолынан алғашқы шенін алды.

Халықтың игілігі үшін қызмет етуді мақсат тұтқан Роман алғашқы қызмет жолын 2014 жылы Түркістан облысы Созақ ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімінен бастаған. Қызметке алғаш қадам басқаннан-ақ ол өзінің өжеттілігін танытып, жақсы жағынан көрінді.

2015 жылы Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маман, 2017-2019 жылдары №1 мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі, қазіргі таңда №3 өрт сөндіру бөлім бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

Жас маман бүгінде «ЭКШН камерасы» арқылы өзге әріптестерінің өртті сөндіру барысында оқиға орнынан адам өмірін құтқару жолындағы жанқиярлығын көрсететін бейнематериал түсіруді елімізде алғаш болып қолға алды. Мұндай игі бастама өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың имиджін арттыруға үлкен үлес қосатыны анық.

Сонымен қатар, Роман қиында, қауіпті мамандығына қарамастан облыс және қала көлемінде өткізілген «Мемлекеттік тіл менің тілім», «Полиглот», «Тіл шебері» сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ал 2020 жылы республикалық «Мемлекеттік тіл-Тәуелсіздік символы» байқауына қатысып, бірінші орынды иеленді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.