Парламент Мәжілісінің депутаттары Кентау қаласында сайлаушыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары, фракция мүшелері жазғы демалыста сайлаушыларымен кездесу мақсатында, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Абасов Қайнар Бегалыұлы және Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ертаев Сырым Махамбетұлы қалаға арнайы ат басын бұрып, «Nur Otan» партияcы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізіп, қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бірқатарын өз бақылауларына алатынын жеткізді.


Мәжіліс депутаттары қала әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы Махажанов Даурен Сабитұлымен кездесіп, партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты Кентау қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асуын талқылады.

Сонымен қатар «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамында болып, зауытта жаңадан іске қосылған технологиялармен танысып, өз сайлаушылары, яғни зауыт жұмысшыларымен кездесіп, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесуге «Nur Otan» партияcы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық маслихатының депутаты, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ — ың Басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев, қала әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қалалық филиал басшысы Мұрат Садуов, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қанат Бекметов қатысты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.