Парламент Мәжілісінің депутаты Сырым Маханбетұлы алғашқы кездесуін Қазығұрт ауданының ардагерлерімен кездесуден бастады

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Сырым Ертаев қазығұрттық ардагерлермен кездесті.


Алқалы жиынға, аудан әкімі Арман Айдарұлы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Нұржан Сапабекұлы, Қазығұрт ауданының мәслихат хатшысы Өрісбай Бұхарұлы және де «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Ешенқұлұлы қатысты.

Жиынды Қазығұрт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Жанұзақұлы жүргізіп отырды.

Кездесу барысында Сырым Маханбетұлы VII сайланған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары атқарған жұмыстарымен таныстырды.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 12 ақпанында Премьер-министр Асқар Маминнің, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің және Үкіметтің барлық мүшелерінің қатысуымен өткен фракцияның кеңейтілген жиналысында «Жол картасы» қабылданды. «Жол картасында» халықтың барлық топтарының мүдделері ескерілгендігін, жол картаның іске асырылуын депутаттар бақылауға алатынан айтып өтті.

Ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмашев Құттыбек Сырым Ертайұлына алда атқарар жұмыстарына сәттілік тілеп, өзінің ұсыныстарын жеткізді. Атап айтсақ, аудандағы мектеп-интернатқа Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тумасы, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Егемқұл Тасанбаевтың атын беру; «Болашақ» мектебінің атауын жазушы, Якут АССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тумасы Қалаубек Тұрсынқұловтың атымен атау; Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Ресей ауылшаруашылық академиясының академигі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, профессор Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Абай ауылында дүниеге келген Қилыбай Үсенұлы Медеубековтың атына да мектеп атауы берілуіне ықпал етілуін өтінді.

Ардагерлер кеңесінің мүшесі, Досанбаев Кәрібай ауданға жаңа емхананың құрылысына қаржы бөлуге ықпал етуді сұрады.

Жоғарыда айтылған ұсыныстар ескерусіз қалмайтындығы түсіндірілді.

Кездесу соңында ардагерлер ақ батасын беріп, депутаттың алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. You’re really a good webmaster. The site loading speed is
    amazing. It kind of feels that you are doing any distinctive trick.

    Furthermore, the contents are masterpiece.
    you’ve performed a fantastic task on this matter!
    Similar here: sklep online and also here: E-commerce

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.