Рашид Абатұлы жасыл желектердің күтімі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға сын айтты

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы жасыл желектердің күтімі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға сын айтты. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Рашид Абатұлы жауапты мамандармен бірге Түркістан Теміржол вокзалы аумағын аралады.

Қазіргі таңда вокзал аумағында абаттандыру жұмыстары қарқын алған. Жоба бойынша, аяқжол тастары ауыстырылып, жарықшамдар, орындықтар, көгал, ағаштар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Жоспарға сәйкес, абаттандыру жұмыстарын келер жылы аяқтау жоспарланған.

Қала әкімі аумақтағы субұрқақтар мен көгалдар жүйесіне біршама ескерту айтты. Атап айтқанда, Тәуке хан көшесі бойын аралап, су жүйесінің істен шығуы мен қураған жасыл желекке көңіл бөліп, оған күтімді талапқа сай көрсету қажеттігін талап етті.

Сонымен қатар, шаhар басшысы Қ. А. Ясауи музейінің құрылыс барысын тексерді. Жоба жұмысын атқарып жатқан мамандарға болашақта келуші азаматтар Ясауидің өмір жолын, еңбегін қызыға тыңдап, ақпарат алу үшін барлық мүмкіндікті қарастыру қажеттігін айтты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.