Руслан мен Жәудір — Театр табыстырған шымкенттік өнерлі жұп

Бүгінде елімізде өнер саласында да өмірде де қол ұстасып қатар келе жатқан бір отбасында тұратын өнерлі жұптар көптеп кездеседі.


Театр табыстырған өнерлі жұптардың бірі — Руслан Нұрманов пен Жәудір Сарыпбекова. Олар қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында еңбек етеді.

Руслан Нұрман 1983 жылы ОҚО Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келсе, жары Жәудір Балтабайқызы 1987 жылы ОҚО, Арыс қаласында тулылған. Қос актер де өнер саласы бойынша жоғарғы білім алған. Руслан 2007 жылдан, ал Жәудір 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында артист қызметін абыроймен атқарып жүр.

Театр табалдырығын аттағалы өнерлі жұп 30-дан астам рөлдерді сомдап, бүгінде көзі карақты көрерменнің сүйікті тұлғаларына айналып үлгерген. Отбасылық өмірде үш перзенттерін аялап өсіріп келеді.

Қажырлы еңбегінің арқасында театрдың жоғарғы дәрежелі актер санатына өткен Руслан Нұрман тек театр саласында ғана емес сонымен қатар отандық бірнеше киноларда да өзіндік образ қалыптастырған танымал актер. Жұбайы Сарыпбекова Жәудір екеуі көптеген толық метражды, қысқа метражды, телесериалдар, әлеуметтік тәрбиелік бейне түсірілімдер арқылы көпшілік көрерменнің көңілінен шығып, театрдың мақтанышына айналып үлгерген.

Құрметті театр сүйер көпшілік! Әңгімеге арқау болған отбасылық жұп, талантты театр әртістері Руслан мен Жәудірдің сахналық образдарын тамашалағыңыз келсе киелі қазақ театрының қойылымдарын назарда ұстаңыздар. Нағыз өнерді сахнадан көріңіз!

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. I am extremely impressed together with your writing skills as smartly
    as with the structure on your blog. Is this a paid theme
    or did you customize it your self? Either way stay up
    the excellent high quality writing, it is rare to peer a great weblog like this one these
    days. TikTok Algorithm!

  2. 699080 256133This internet site is actually a walk-through it truly is the details you wanted concerning this and didnt know who to inquire about. Glimpse here, and you will completely discover it. 862267

Добавить комментарий для TikTok Algorithm Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.