Сайрам ауданы: Қарабұлақ ауылында жер мәселесі бойынша атқарылған жүйелі жұмыстар жетерлік

Түркістан облысы прокурорының облыс әкіміне жолдаған «заңдылықты бұзушылықты жою туралы» ұсынысы негізінде Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасымен Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі аумағындағы 1387 заңсыз құрылыстарды заңдастыруға қатысты алгоритм дайындалған болатын.


Алгоритмнің І – тармағына сәйкес, заңсыз құрылысқа жол бермеу мақсатында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы тобы құрылды. Оның құрамына аудандық полиция, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы, мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасы, жер қатынастары басқармасы және жер инспекциясы басқармасы мен Сайрам ауданы әкімдігінің мамандары бекітілді. Жұмысшы топ заңсыз құрылыстарды болдырмау және алдын-алу бағытында тұрақты жұмыс істеуде.

Алгоритмнің ІІ – тармағына сай өндірістік кооперативтердің жеріне салынған, елді-мекен шегінде орналасқан тұрғын үйлерге түгендеу жұмыстары жүргізілген.

ІІІ-ші тармағына сәйкес, тығыз орналасқан заңсыз құрылыстар аумағына егжей тегжейлі жоспарлау жобасын дайындау мақсатында Қарабұлақ ауылының бас жоспары қайта дайындалуда. (мерзімі: қыркүйек, 2021 жыл).

ІV-тарауда көосетілшендей, ӨК-ке тиесілі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын құрылыс мақсатына өзгертіп, жеке меншікке сатып алу үшін ауыл шаруашылығына келтірілген залал құны 150 мың теңге, құрылыс мақсатына ауыстыруға 390 мың теңге — барлығы 540 мың теңге өндіру көзделген.

Бүгінгі таңда, ӨК жерлеріне салынып, есепке алынған тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелерін алгоритмнің талаптарына сай, нысаналы мақсатын өзгертіп жеке меншікке сатып беру мүмкіндігі жлқтығы анықталды. Себебі, алгоритмде көрсетілгендей, өндірісітік кооперативтердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің ішінен, әрбір тұрғын үй орналасқан 0,10 га телімін бөлу — заң нормаларына қайшы келеді.

-ҚР Жер кодексінің 50 бабына сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің ең төменгі шекті мөлшері облыстық мәслихатпен бекітілген. (суармалы егістік 1,0 га; суарылмайтын егістік 2,0 га; жайылымдық 3,0 га;).

Сонымен қатар, Сайрам аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінен алынған мәліметке сүйенсек, ӨК-ке тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне белгісіз себептермен беттестіріліп тұрғын үй құрылысы мақсатындағы барлығы 391 сәйкестендіру актілері орналастырылған.

Атап айтқанда:

— «Рабочий» ӨК-нің 4 жер учаскесінде — 161 беттесу;

— «Хазрат» ӨК-нің жер учаскесінде – 52 беттесу;

— «Мир Алишер Навои» ӨК-нің 2 жер учаскесінде – 178 беттесу.

Бұдан бөлек, азаматтардың қолдарына «Ғайрат-2» ӨК-нің 2 жер учаскесіне салынған үйлері орналасқан жерлеріне Қарабұлақ ауыл әкімімен 2006-2007 жылдар аралығында 80 шешім табысталған, бірақ сәйкестендіру актілері рәсімделмеген.

Алгоритмнің ІІ қадамында бекітілген іс-шараны жүзеге асыру үшін, ӨК төрағалары тарапынан лауазымдық тұлғаның берген нұсқамасын орындамағаны жөнінде Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына 23.02.2021 жылы шығыс №03/1053 хат жолданған болатын. Хат бойынша тиісті шешім қабылдауға қосымша уақыттың қажеттігіне байланысты, қаралу мерзімі 16.04.2021 жылға дейін ұзартылғаны жөнінде басқармадан жауап келген.

Айта кетейік, облыс әкімдігімен бекітілген алгоритмнің ІІ тармағындағы іс-шаралар Түркістан облысы жер инспекциясы басқармасымен толықтай орындалып, жүзеге аспайынша, алгоритмнің одан кейінгі қадамдарын жергілікті атқарушы орган жүзеге асыра алмайды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.