Сарыағаш ауданы: Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Талиповтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.


Күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.

Алдымен аудандық білім бөлімінің бас маманы С.Молдаходжаев 1-12 маусым аралығында жүргізілетін «Бала еңбегін қанауды болдырмау және оның алдын алу» атты республикалық науқанның орындалуы туралы өз баяндамасында кеңінен тоқталып өтті.

Одан соң 25 мамыр мен 10 маусым аралығында жүргізілген «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шаралар бойынша аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы В.Наурызов хабарламасы тыңдалды. Сонымен қатар жастардың жұмыспен қамтылуы және олардың бос уақытын тиімді пайдалануы туралы ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Д.Динашованың баяндамасы тыңдалды.

Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында комиссия төрағасы Н.Талипов кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет-қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.