Созақ: Сенаторлар мәслихат депутаттарымен онлайн жиын өткізді

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Түркістан облысы Созақ ауданы мәслихат депутаттарымен онлайн жиын өткізді.


Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін Созақ ауданы әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Әли Әбдікарімұлы Бектаев пен Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев Түркістан облысына қарасты аудан, қала мәслихат депутаттарымен онлайн жиын өткізді.

Жиынды Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Рақымұлы Балабиев жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Парламент Сенатының депутаттары Парламенттің жоғарғы палатасының атқарған жұмыстарына тоқталды. Қаралған және қабылданған заңдары туралы айтып өтті. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаттары тарапынан әлеуметтік, экономикалық, кәсіпкерлік, білім, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша өзекті мәселелер қозғалып, сауалдар қойылып, шешу жолдары талқыланды. Сенат депутаттары қойылған сауалдар мен ұсыныстарға жан-жақты жауаптар берілді.

Айта кетейік, жуырда  сенаторлар Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының VII шақырылымнан бергі жұмысының нәтижелері туралы Түркістан облысы аудандарының тұрғындарына айтып берген болатын. Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев өңірге сапары барысында мәслихат депутаттарымен және Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарының активімен онлайн-кездесу өткізген еді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.