Түркістан: Келестік полицейлер жолда қабылдау акциясын өткізді

Келестік полицелер жолда қабылдау акциясын өткізді. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Келес ауданы полиция бөлімінің азаматтарды қабылдау бөлмесінде ағымдағы жылдың 22-ші маусым күні сағат 09:00-19:00 ге дейін «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол Жоқ!» атты акциясының аясында Келес АПБ ЖПҚ бастығы, ӘЗЗҚТ-ның инспекторы, Келес ауданы әлеуметтік сүйемелдеу орталығы психологтары, Келес ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істер және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе Келес аудандық полиция ғимаратының алдында азаматтарға арналған «Жолда қабылдау акциясы» өткізілді.

Келестік полицейлер іс-шара барысында жиырма шақты азаматтарды қабылдап, оларға отбасында кикілжің тудырғандар, әлсіздерге жәбір көрсеткендер заң алдында әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескерте отырып, «Жақындарыңызға жанашыр, қорған болыңыздар» — деген бағытта қарқынды қызмет атқара келе, келген азаматтаға түрлі құқықтық-кеңестерімен бөлісіп, заңгерлік консультациялар беріліп, өздерінің туындаған көкейтесті мәселесімен келген азаматтар мен азаматшалар өз жауаптарын алып қанағаттандырылды. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.