Түркістан: Сайрам ауданында әр ауылдық округ бойынша әлеуметтік ахуал картасы әзірленген

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы Көлкент, Қайнарбұлақ, Құтарыс, Арыс, Қарабұлақ ауылдық округ әкімдерін қабылдады.


Аудан басшысы ауыл әкімдерінің мәліметтерінің бірқатары негізсіз екеніне тоқталды.

Жүйелі жұмыстың аздығын алға тартып, ескертпелерден қорытынды шығаруды тапсырды.

Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, әр ауылдық округ бойынша әлеуметтік ахуал картасы әзірленген. Картаға елді мекендердегі инфрақұрылымның жағдайы, газ және жарықпен, ауыз сумен қамтылу деңгейі, қоғамдық қызмет көрсету орталықтары және кәсіпкерлік нысандары, ауылдықтарды жұмыспен қамту барысы, жаңадан ашылған орындар туралы мәліметтер енгізілген.

Аудандық ішкі саясат бөлімі әзірлеген әлеуметтік ахуал картасындағу өзекті мәселелерге аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мади Абайұлына мерзім қойып орындалуын қадағалауды жүктеді.

Сондай-ақ, жоспарда Көлкент ауылдық округіндегі электр трансформаторлары мен электр бағаналарына зерделеу жүргізу, ретке келтіру, Ханқорған ауылының тозығы жеткен электр бағаналары мен электр желілеріне инвестжобаға сәйкес 8 шақырым СИП орнату, ауыл тұрғындарымен бірлесіп, сенбілік ұйымдастыру бар.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.