Түркістан: Сайрам ауданында 103 жастағы кейуана дауыс берді

Сайлау учаскесі комиссияларының мүшелері денсаулығына байланысты үйлерінде отқан ардагерлер мен зейнеткерлердің үйіне барып, сайлауда дауыс беруін қамтамасыз етуде.


Қарамұрт ауылындағы 103 жастағы Ұлы Отан Соғысының ардагері, 5 ұлдың анасы, 17 немеренің әжесі, 54 шөбересі бар қарт ана Төлегенова Тотыай өз таңдауын жасады.

Қария алғыс білдіріп, елдің мерейі үстем болсын деген ниетпен батасын берді.

Айта кету керек, Түркістан облысы бойынша сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берген. Олардың жалпы саны– 185 264 адам.

Бұл  туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 876 (75%), Кентау қаласында – 6 540 (77%), Бәйдібек ауданында – 2 673 (68%), Жетісай ауданында – 19 177 (71%), Қазығұрт ауданында – 12 575 (63%), Келес ауданында – 21 475 (70%), Мақтаарал ауданында – 11 404 (68%), Ордабасы ауданында – 5 504 (74%), Отырар ауданында – 9 301 (72%), Сайрам ауданында – 12 056 (74%), Сарыағаш ауданында – 37 284 – (69%), Сауран ауданында – 6 751 (83%), Созақ ауданында – 12 555 (72%), Төлеби ауданында – 13 423 (60%), Түлкібас ауданында – 5 740 (66%), Шардара ауданында – 930 (73%) сайлаушы дауыс берді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.