Түркістан: Сарыағаш ауданында көлік салығы бойынша рейд жүргізілді

Түркістан: Сарыағаш ауданында көлік салығы бойынша рейд жүргізілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Сарыағаш қаласы аумағында көлік құралдарының мемлекет есебіне төленетін салықтары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары, Сарыағаш АПБ ЖПҚ бөлімшесі жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының мамандары, БАҚ өкілдері бірлесе отырып рейдтік іс-шара өткізді.

Рейдтік іс-шара барысында көлік салығын төлемеген көлік иелеріне салықтық міндеттемелердің уақытылы және толық орындалуы қажеттілігі ескертілді.

Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеу шараларын қолдануды болдырмау үшін көлік салығы бойынша берешегі бар барлық автокөлік иелерін тез арада салық төлеуге шақырады. Салық бойынша берешектің бар-жоғын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан тексеруге болады, www.kgd.gov.kz “электрондық сервис/ салық берешегінің болмауы (болуы) туралы мәліметтер” бөлімінен”.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың жергілікті салықтарына қатысты сұрақтар бойынша Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуларыңызға болады. Сымтетік: 8(72537) 2-14-98

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.