Түркістан: Төлеби ауданында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының орындалу барысы баяндалды

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудандағы кәсіпкерлермен кездесті.


Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев, аудандық дербес бөлім және мекеме басшылары, Төлеби аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Маржан Мұсаева, шағын және орта бизнес өкілдері, Алатау ауылдық округі әкімі Мақсат Жұмабаев қатысты.

Басқосуды аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы ашып, жүргізіп отырды. «Шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік саласын дамыту» тақырыбында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Омар Жаңқалов баяндама жасады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірде жүзеге асуы және орта топтың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы.

Бөлім басшысы өз баяндамасында аудан көлеміндегі «Еңбек» бағдарламасының, «Бастау бизнес» жобасының, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының орындалу барысы жөнінде есеп берді. Сондай-ақ, өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы, туризмдік кластерді дамыту бойынша атқарылған істер жөнінде әңгімеледі.

— Төлеби ауданының керемет табиғаты турзим саласын дамытуға ең қолайлы аймақ болып саналады. Туризмнің аудандағы экономикалық қуатын күшейтіп, халықтың тұрмысын жақсартудағы, жұмыссыздықты азайтып, кәсіптену орайын арттырудағы өнімі өзгеше. Төлеби ауданы туризмге бейім болғандықтан туризм кәсібін де қолға алу маңызды. Бүгінде аудан аумағында жалпы 139 туристік нысан бар болса, оның ішінде: 1 шаңғы базасы, 2 емдік-сауықтыру орны: «Біркөлік санаториясы» және «Ақкен» саумалмен емдеу орталығы, 72 демалыс аймақтары, 64 саяжайлар жұмыс жасайды.

Аудандағы барлық 139 нысаннан нақты Алатау ауылдық округінде 120 нысан орналасқан. Олар: 1 «Алатау» шаңғы базасы, 1 емдік-сауықтыру орыны: «Біркөлік санаториясы», 57 демалыс аймақтары 61 саяжайлар.

Бүгінде Алатау ауылдық округіндегі демалыс аймақтарының көпшілігі санитарлық талаптарды сақтамай, жол бойына тұрмыстық қалдықтардың шашылуына жол беріп отыр.

— Округ аумағында 2017 жылдан бері қоқыс шығарумен ЖК «СӘБДЕН» айналысады. Біркөлік, Ақмешіт шатқалдарында аптасына екі рет дүйсенбі, сейсенбі күндері қоқыс шығарылады. Округ аумағындағы жалпы саяжай және демалыс орындарының саны — 120. Қоқыс тазалау мекемесімен келісім шартқа отырғандар саны – 30, деді өз баяндамасында ауылдық округ әкімі Мақсат Жұмабаев.

Демалыс аймақтарынан келген өкілдер ауыз су, электр жарығы және газ мәселесі бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, оған мекеме басшылары жауап берді.

— Округке қарасты Қорған-Екпінді елді мекендеріне Біркөлік шатқалынан келетін ауыз-су құбырларына заңсыз қосылған — 29 демалыс орындарын анықталып, орталық құбырдан ажыратылып, иелеріне заңсыз қосылу бойынша акті түзіліп, айыппұл салынды. Қазіргі уақытта осы демалыс орындарына d – 15мм трубамен қайта жалғанды, деді ауыз су жөнінде «Ленгір су» МКМ директоры Қанат Өмірбеков.

Еркін форматта өткен басқосуда кәсіпкерлер өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.