Түркістан: Т.Бокин көшесіндегі үйлердің газға қосылу мәселесі қаралды

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков  Т.Бокин көшесіндегі үйлердің газға қосылу мәселесін көтерді. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Т. Бокин көшесінде орналасқан екі қабатты 18 үйді аралап, алдағы жылу маусымына дайындығымен танысып шықты. Түркістан қаласы бойынша жүргізілген газ құбырларын тиімді пайдалану мақсатында тұрғындардың газға қосылуының маңыздылығы және аталған үйлерде тұратын отбасыларға да қыс мезгілінде жайлы болуы және қатты отын түрін қолданып, экологияға кері әсер етпеу үшін барынша тиімді әдістерді қолдану қажеттігін нық айтты. Осы мақсатта, қалалық мәслихат депутаттарының бастамасымен жылу қазандығы қойылып, алдымен пилоттық режимде жұмыс тәсілін көру жоспарлануда.

Сонымен қатар, шаһар басшысы «Тұран» тұрғын үй массиві, Қаратау көшесіндегі төселген асфальттің сапасын тексерді. Жалпы, аталған аумақта 53,5 шақырымды құрайтын 40 көшеге тас төсеу жоспарланған.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.