Түркістан: Қазығұрт ауданы әкімі тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етті

Тұрғындардың жергілікті атқарушы билікке айтар базынасы аз емес. Бұған дәлел -«Nur Otan» партиясы ғимаратында бүгінгі өткен партия төрағасы, аудан әкімі Арман Айдарұлының қоғамдық қабылдауы.


Қабылдауға келген, Жігерген ауылы, Айнатас елді мекеніндегі 111 отбасы, 700 тұрғын сапасыз ауыз су тұтынуда, Айнатас және Дихан елді мекеніндегі 1968 жылы қойылған электр бағандарының 70% жарамсыз халде тұр , Жастар көшесінің жолдарының сапасы сын көтермейді -дейді ауыл биі Ә. Мақтабеков. Осы мәселе бойынша аудан әкімінен көмек көрсетілуін өтініп келген.

Аталған жағдайдан хабары бар Арман Айдарұлы Айнатас елді мекені 2022 жылы толық ауыз сумен қамтылатындықтарын айтып өтті. Ауыз су құбырлары тартылып, орнығып біткеннен соң жол жөндеу және де электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүретінін де ескертті.

Қазығұрт ауылы, К. Әзірбаев көшесінің тұрғындары атынан шағымданған көп балалы А.Тлепованың айтуынша, К.Әзірбаев көшесінің қоқыстары уақытылы алып кетілмейтінін, аталған көшеге лежачий полиция орнатып беруді сұранды. Сонымен қатар көп балалы ананың тұрақты жұмысы жоқ, мектепке кіші техникалық қызметкер ретінде орналасу үшін О.Жандосов мектебіне бірнеше рет барған бірақ мардымды жауап ала алмаған.

Нәтижесінде: Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы МКК және де К. Әзірбаев көшесінің тұрғындары арасында келісім шарт жасалмауына байланысты алып кетілмегендігі анықталды. Жұмысқа орналасу бойынша, Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Үйсінбаев білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі онлайн режимінде jumys.sitsen.kz веб-портал арқылы онлайн-өтінішті жолдап, конкурстық негізде іріктеуден өтіп жұмысқа қабылдау комисиясының шешіміне сәйкес жүргізілетіндігін түсіндірді.

Фейсбук әлеуметтік желісіне өз өтінішін қалдырған З.Калтаеваның айтуынша, көктемде аудан әкімшілігінде әкімнің қабылдауында болған, ертеңіне орынбасарлары барып жиналыс өткізген. Таза судың басшысы су шығарып беруге уәде етіп кеткен. Бірақ, орындалмаған. Наразы болған тұрғындар, әлеуметтік желіге өз өкпелерін қалдырған.

Нәтижесінде: 4 этажды, 32-пәтерлі үйге су жүргізу үшін сметалық құжаттары дайындалып, су кіргізу жұмыстары жүргізілетіндігі шешілді. Жауапты бөлім басшыларына ескерту берілді.

Қазығұрт ауылының тұрғыны Д.Датқабекова көп балалы,жалғызбасты ана ұлының денсаулығына алаңдайды, емдетуге қаражаты жетпейді. Денсаулығы өскен сайын нашарлап жатқандығын айтып, аудан әкімнен көмек көрсетілуін өтінді.

Нәтижесінде: Арман Айдарұлы Д.Датқабаевнаң өтініші бойынша аудандық Орталық аурухана басшымен байланысып, мәселені шешуді тапсырды. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы МКҚ –ның бас дәрігері Б.Төрехановпен кездесіп, Қазығұрт аудандық партия төрағасының тапсырмасы жеткізілді. Арнайы квотаға ілінетіндігі, Нұрсұлтан және Алматы қалаларының білікті мамандарымен байланысып барлық ем-домдар көрсетілетіндігі шешілді.

Жалпы қабылдауға 25 ке жуық аудан тұрғындары жазылған,арасында келмей қалғандары да, әкімнің алдына жетпей өтініштері оң шешілген тұрғындар да бар.

Өткізіліп жатқан, қоғамдық қабылдаулардың мақсаты- азаматтардың көтеретін мәселелеріне орай топтастырылып, бөлім басшыларына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік жасау және де қордаланған мәселелерді шешу үшін билік пен бұқара арасына ашық диалог орнату, өз кезегінде азаматтар арасындағы арыз-шағымдарын уақыт оздырмай, жүйкесін тоздырмай, қаржысын шығындамай жылдам шешуге мүмкіндік беру.

Бұл ретте, азаматтардың көтерген мәселелеріне сәйкес, басты жауапкершілік ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына жүктеледі. Оңтайлы шешімін таппаған, уақытты қажет ететін мәселелер ауыл әкімдері мен бөлім басшыларынан талап етіледі, айта кету керек қабылдауда болған азаматтардың өтінішіне жауапсыздық танытқан ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына партиялық шара көруге ұсыныс беріледі.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.