Шардара: Аудан әкімі төрт ауылда болды

Аудан әкімі Қ.Жолдыбай Достық, Ақалтын, Сүткент және Қызылқұм ауылдық округтерінде болды.


Қ.Жолдыбайұлы ең алдымен Достық ауылына барып, жаңадан ашылған «Көзайым» наубайханасының жұмысымен танысты. Наубайхана иесі, жеке кәсіпкер Бекжан Халбеков күніне 1500 дана нан шығарып, 80 теңгеден Ақалтын Достық, Егізқұм ауылдарын нанмен қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Бұдан бөлек сүтті ешкі басын көбейтуді қолға алып жатқанын жеткізді. Аудан басшысы мемлекет тарапынан қазіргі кезде шағын және орта бизнесті көтеру бойынша көптеген бағдарламалар қолға алынып,кәсіпкерлерге әрқашан қолдау көрсетілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысы «Достық ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл құрылыс жұмыстары сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында жасалынған «Open Space » бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып, әкімдер мен әкімдік қызметкерлері төменгі қабатқа көшіріліп, ашық түрде халыққа қызмет көрсететін болады.

Сонымен қатар Ақалтын ауылындағы жаңадан қазылып жатқан ауыз су ұңғымасының құрылысымен танысып, жауапты тараптармен тұрғындарды жүйелі түрде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Аудан басшысы кезекті Қызылқұм ауылында болып ұзындығы 1,292 шақырымды құрайтын ішкі ағын су латоктарымен танысты. Оған қызанақ жылыжайына барып, өнімділікті арттыру бойынша сөз қозғады.

Сондай-ақ, әр ауылдық округтегі жергілікті тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады.

Кездесу барысында ағын су мәселесі, су құбырын жөндеу, жедел жәрдем көлігін жаңарту, ортақ мал жайылым жері, көшелерге тас төсеу, батыс қашыртқы каналын қазу, білім және медицина саласы, игерілмей жатқан жерлерді қайтару, ауыз су, мәдениет үйін күрделі жөндеу, ішкі ағын су жүйесін реттеу, балабақша алдына тегістік емес (лежащий полиция) қою және басқа да әлеуметтік сауалдар көтерілді.

Аудан әкімі тұрғындардың өзекті сауалдарына жауап беріп, мәселелер кезең-кезеңімен заңды түрде шешілетінін айтты. Бұдан бөлек тұрғындарға пандемияға байланысты санитарлық талаптарды сақтауларын атап өтті.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.