Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлердің лифтілері жаңартылуда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге лифтлерді жеткізумен айналысатын «Шымкентлифтмонтаж» компаниясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды anyq.kz ақпарат агенттігі.


Қазір Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлерде 358 лифт бар. Соның 333-і жұмыс істеп тұр. Қалған 25-ін ауыстыру қажет. Биыл қалада көп қабатты 6 үйдің 12 лифті жаңартылып жатыр. Соның 10-ын осы

«Шымкентлифтмонтаж» ЖШС-і ауыстыруда. Қалған екеуін «DOSTAR лифт» ЖШС-і жаңартады.Қала әкімі компания басшыларына жұмысты барынша сапалы орындау керектігін ескертті. Өйткені, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі. Айта кетейік, 2021 жылы көп қабатты 13 үйдегі 25 лифт жаңартылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 70 көп қабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда 18 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал 37 тұрғын үйде жұмыстар жалғасу үстінде. 1 үйде жұмыстар енді басталатын болса, қалған 14 үйдің тұрғындары жөндеу жұмыстарын өздері жасағандықтан бастартқан.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.